Құжат мәтініне өту

Қала көшелерінде жаңадан атау беру туралы

Қаулы · № 21/5 · қабылданған 24.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 29.03.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-48186/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Қала көшелерінде жаңадан атау беру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 21/5 ·24.09.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Қала көшелерінде жаңадан атау беру туралы

ҚАЗҚала көшелерінде жаңадан атау беру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 21/5 · қабылданған 24.09.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қала көшелерінде жаңадан атау беру туралы
Атауы (қаз.)
Қала көшелерінде жаңадан атау беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21/5
Қабылданған күні
24.09.2009
Көрсетілген редакция
29.03.2012 · қолданыстағы AI48186_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
29.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LA000119
ЭКБ идентификаторы
48186
Редакция идентификаторы
AI48186_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:22

0 Қала көшелерінде жаңадан атау беру туралы

РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бұрынғы Червяков (кейінгі Жанкент) көшесі мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақов есімімен аталсын.

2 2. Сәулет мөлтек ауданындағы "Мостовая" көшесі түркі әулеті Баһриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны, "Бейбарыс Сұлтан" (Жамақұлұлы (1223-1277)) есімімен аталсын.

3 3. "Мостовая" көшесіне параллель орналасқан атауы жоқ көше VI – VII ғасырларда өмір сүрген оғыз-қыпшақ заманының әйгілі тұлғасы дуалы ауыз абыз, ықпалды қайраткер "Қарабура" есімімен аталсын.

4 4. "Сәулет" мөлтек ауданы N 18 кварталға патша үкіметіне қарсы жасалған көтеріліске қатысып, ерлік көрсеткен батыр баба "Қойсары Батыр" (Өтебайұлы (1820-1907 жж.)) есімімен аталсын.

5

5. Ипподром, Арай тұрғын аудандарындағы Ипподромға дейінгі бірінші көше (222а квартал) 16 ғасырда өмір сүрген ең алғашқы Сыр өңіріне ислам діні мен мәдениетін таратушы адам, Иранның 32 қақпалы Хорасан қамалын басып алған, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жерленген "Хорасан ата" (шын аты Әбдіжалел Баб) есімімен аталсын.

6

6. Арай мөлтек ауданында орналасқан Саяси құғын – сүргін құрбандарына қойылған мемориалды ескерткішке баратын көше Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі, көне түркі тілінде Иенгу – угуз (Інжу өзен), ираншап Иахша - арта (шынайы інжу) аталған ертеректе Сырдария аймағын мекендеген сақтардың "Яксарт" тайпасына байланысты шығуы мүмкін Сырдарияның ескі атауы "Яксарт" атауымен аталсын.

7 7. "Ақмешіт мешіті" сол жақ бағытындағы 1–ші көше, Жібек жолы көшесіне перпендикуляр орналасқан көше ақындар мен жазушылардың қаламына арқау болған "Сыр сұлуы" атауымен аталсын.

8 8. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда қаласының әкімі                      М. ЕРГЕШБАЕВ
Қызылорда қалалық мәслихаттың
кезекті ХХІ сессиясының төрайымы              Н. ЖАППАРОВА
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы                          И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ