Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Нұрлыбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты: Ынталы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Мамыр, Мәдениет; Мырзатөбе ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қазақстан, Жастар, Береке, Бәйтерек, Алғабас; Өркен ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Достық, Жастар, Береке, Ынтымақ; Қарақыр ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Алтын, Достар, Нұрлы жол, Бейбітшілік; Ырысты ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Алғабас, Қазақ, Дихан, Мақта, Айжарық, Қырман; Өнімкер ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақ алтын, Ақ терек, Наурыз деген атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім орынбасары Б.Жиенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.