Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты: Ынтымақ ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көрікті, Бейбарыс, Баян сұлу, Достық, Астана, Отан, Әл-Фараби, Парасат; Әбдіхалық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Манап, Ақберген, Үшқоңыр, Ғаламшар, Әз Тәуке, Болашақ; Мырзашөл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бәйтерек, Еркеназ; Жаңа ауыл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Байқоңыр, Достар, Ұлы Жібек жолы, Қазығұрт; Атақоныс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Абылай, Қобыланды, Барыс, Думан, Баян ауыл; Қарой ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақ алтын, Ақмарал, Алатау, Бурабай деген атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.