Қолданыстағы ред. 15.09.2009

Ауыл көшелеріне атау беру туралы от 15.09.2009 г. № 15 (Ауыл көшелеріне атау беру туралы)

0

Ауыл көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жылысу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жылысу ауылдық округіне қарасты:
Мырзашоқы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Болашақ, Ардагерлер, Наурыз, Ынтымақ, Молшылық, Өркениет, Ақ ниет, Береке;
Әл-Фараби ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жастар, Достар, Береке деген атаулары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.