Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қызылқұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылқұм ауылдық округіне қарасты: Ақтөбе ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Арай, Байеділ, Қуаныш, Шапағат; Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кәсікер, Мәдениет, Нұрсәуле; Қызылту ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қауыншы, Мақташы, 22-наурыз, 9-мамыр; Қосқұдық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Алтын, Жаңа жол, Мырзашөл, Астана, Желтоқсан; Молшылық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ардагер, Дихан, Көкмайса; Ақжайлау ауылындағы атауы жоқ көшесіне Ұлы жібек жолы; Қазақстан 60ж. ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кең дала, Арайлы, Тың дала; Қарасақал ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Аұқшағала, Гүлдәурен, Бейбіт, Жағажай, Наурыз; Мақталы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бірлік, Ынтымақ, Жастар; Еңбекші ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақтерек, Береке, Азаттық, Баянды, Ынталы; Первомайское ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Білім, Үркер, Саяжай, Жаңа талап; Жалпаққұм ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бәйтерек, Достық; Түркебай ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жанармайлы, Бақ-береке; Датқа ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Атақоныс, Жібек жолы, Тәуелсіздік, Қазақстан; Көбек ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жеңіс, Молшылық, Мақталық; Киров ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Сарқырама, Су құлама, Жүзімдік деген атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім орынбасары Н.Қойлыбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.