О сборе за право реализации товаров на рынках Күшін жойған
Басқа 0
Базарларда тауарлар сату құқығы үшін алым туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 06.10.1998 № 10-288 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық тұрақтылықты нығайту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. шілденің 11-гі № 650 Қаулысымен мақұлданған Меморандумын атқаруда және облыс, аудандары мен қалалары бюджетінің табыс бөлігін толықтырудың қосымша көздерін іздестіру, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы шілденің 12-гі "Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар сату құқығы үшін алым туралы" № 955 Қаулысына сәйкес облыс базарларында тауарлар сатудан түсетін алымды өсіру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы базарларының санаты № 1 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс базарларында тауарлар сату құқығы үшін алымның мөлшері № 2 қосымшаға сай бекітілсін.
Облыс базарларында тауарлар сату құқығы үшін алым жинау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы шілденің 12-гі "Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар сату құқығы үшін алым туралы" № 955 Қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалар әкімдері:
- осы шешімнің атқарулуына бақылауды күшейтсін;
- базарларда тауарлар сату құқығын куәландыратын талондардың кедергісіз берілуін, сондай-ақ сауда алаңдары мен ғимараттарының тұрғындар үшін ыңғайлы жерлерге орналастырылуын қамтамасыз етсін;
- салық қызметімен бірлесе отырып, бюджетке тауарлар сату құқығы үшін алымның толық және дер кезінде түсуін қамтамасыз етсін;
- апта сайын, әрбір жұмада аудан мен қаланың әрбір базары бойынша нақты түскен алым жөнінде экономика басқармасына мәлімет беріп отырсын.
Тармақ 4
4. Өнеркәсіп және сауда басқармасы (Ш. Мәжіденов) І және ІІ санатқа жатқызылмаған базарлардың есебін алсын және олар туралы мәліметті, алымды қамтамасыз ету үшін Алматы облысы бойынша салық комитетіне берсін.
Тармақ 5
5. Алматы облысы бойынша салық басқармасы (М. Сәтқалиев) облыстық қаржы басқармасымен (Т. Әбдіқадіров) бірлесе отырып, әрбір базар бойынша тауарлар сату құқығы үшін алымның ай сайынғы болжам түсімін анықтасын және бекітсін, оны экономика басқармасына тапсырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық қазынашылық басқармасы (С.Т. Жақыпбеков) базарларда тауарлар сату құқығы үшін алымның әрбір базар бойынша түсуін есепке алуды қамтамасыз етсін және осы қаржының өсе түсуі туралы мәліметті экономика басқармасына, көшірмесін облыстық қаржы басқармасына тапсырып отырсын.
Тармақ 7
7. Аудандар мен қалалар әкімдері, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (Н. Таубаев), сәулет және қала құрылысы басқармасы (С.А. Фазылов) бір ай мерзім ішінде сауда базарларын орналастыруға жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін және жерді жалға беру шартын (кейін сатып алу құқығынсыз) жасасын.
Тармақ 8
8. Әкімнің бірінші орынбасары В.А. Долженков осы шешімнің орындалуын мезгілімен бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Алматы облыстық әкімшілігі басшысының 1995 жылғы тамыздың 4-гі
№ 8-208 қаулысы мен облыс Әкімінің 1996 жылғы сәуірдің 5-гі № 4-61
шешімнің күші жойылған деп танылсын.
Басқа 10
Облыс Әкімінің 1998 жылғы
18 тамыздың № 8-253 шешіміне
№ 1 қосымша
Алматы облысы базарларының санаты
Аудандардың аталуы
Базарлар санаты
І
ІІ
ІІІ
І және ІІ санаттарға жатқызылмаған базарлар
1. Ақсу
2. Алакөл
"Ерсан" ЖШС "Рынок" ЖШС
3. Балқаш
4. Еңбекшіқазақ
"Тоғжан"
"Молодежный" Айтуовтың базары
Азшахрай"
5. Жамбыл
"Абай-Жапар"
Беркутов
6. Іле
"Биля"
Зукаев
Баймамырова "Новатор"
7. Қаратал
Орталық базар
"Даубай"
8. Қаскелең
"Тай-Самалы"
"Жер-Ана"
"Алатау"
"Арман"
"Жібек Жолы"
9. Кербұлақ
"Сарыөзек"
10. Көксу
Колхоз базары
Кіші базары
11. Панфилов
"АКС-Игилик"ЖШС
"Тұлпар" ӨК
"Жібек Жолы" ЖШС
12. Райымбек
13. Сарқан
Колхоз базары
14. Талғар
Орталық базар
"Катализатор"
"Даргиз"
"Алтын Сақа"
"Жетісу"
15. Талдықорған
Орталық базар
16. Ұйғыр
Орталық базар
"Универмаг"
17. Қапшағай қ
"Ина"
"Медет"
"Флора"
"Ярмарка"
"Субботний"
"4-ші микрорайон"
18. Талдықорған қ.
"Шаған"
"Дәулет
"Марка"
"Қарағаш"
19. Текелі қ.
Орталық базар
Басқа 11
Облыс Әкімінің 1998 жылғы
18 тамыздың № 8-253
шешіміне № 2 қосымша
Алматы облысының базарларында тауарлар сату құқығы үшін алымның мөлшері
Бір күнгі сауда үшін есептеу
көрсеткішіне % пен
№
Базардың мамандандырылуы
Базардың санаты
І
ІІ
ІІІ
1.
Азық-түлік (көтерме)
машина үстіндегі сауда
300
200
100
прилавок устіндегі сауда
200
60
30
оның ішінде:
Азық-түлік (көкөніс, жемістер, сүт-айран өнімдері, кептірілген жемістер, бал)
машина үстіндегі сауда
300
300
100
прилавок үстіндегі сауда
100
60
30
қолдағы сауда
30
20
10
Азық-түлік (ет өнімдері)
50
30
20
Гүлдер
100
60
20
2.
Заттар
Контейнердегі сауда
300
200
100
Машина үстіндегі сауда
200
100
50
Прилавок үстіндегі сауда
100
50
30
Қолдағы сауда
30
20
10
3.
Автомобиль
1 автокөлік сату
200
100
50
қосалқы бөлшектер сату
200
100
50
4.
Мал-жем:
ірі қара мал және жылқы сату
80
40
20
құс сату
30
20
10
басқа да үй жануарлары мен құстарын, аңдарын сату
50
30
20
басқа жануарлар сату
50
30
20