О мерах предупреждению хищения скота в Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысында мал ұрлаудың алдын алу шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 28.09.2004 № 730ұ өкімімен.
Алматы облысында мал ұрлаудың алдын алу мақсатында
Тармақ 1
1. Аудандардың, қалалардың, селолық және поселкелік округтердің әкімдері:
- жер-жерлерде жастарды тарта отырып, еректі халық сақшылары отрядтарын құрсын;
- олардың кезекшілігін ұйымдастырсын;
- іс-қимылдарымен мал ұрлығына кедергі болған немесе осындай қылмыстарды ашуға қатысқан халық сақшылары отрядтарының мүшелеріне ақшалай сыйлық беруді көздесін.
Тармақ 2
2. Ішкі істер басқармасы (Асыл-Кеней С.) әкімдермен бірлесе отырып, халық сақшылары отрядын мал ұрлаудың алдын алу шараларын орындауға және мүлік ұрлау сипатындағы қылмыстарды ашуға кеңінен тартсын.
Тармақ 3
3. Әділет басқармасына (Беркенов К.) мал ұрлауға байланысты қылмысты істерді қарауда сол жерге шығып ашық сот мәжілістерін өткізу мәселесін белгіленген тәртіппен шешу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Баспасөз қызметі (Бекболатұлы Ж.) мал ұрлау қылмысын ашуға жұртшылық тарту үшін осындай жағдайларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялап отырсын.