Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ш.Ділдабеков ауылдық округіне қарасты: Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кемел, Мақта, Қасиет, Мейірім; Жаңа дала ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жемісті, Ізгілік, Жұлдыз, Береке, Үміт, Ырыс, Білім, Достық, Алғыс, Ақжол, Арман, Достар, Шаттық; Сырбат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Айбын, Думан, Абат, Ырысты, Керемет, Шырайлы, Дәулет, Нұр, Үштерек, Ынтымақ; Күрішті ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Нұрлы, Көктем, Ақниет, Балдырған; Жеңіс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақниет, Балдырған; Достық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қайрат, Руханият, Теріскей, Қазына, Райхан; Бірлік ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бастау, Болашақ, Алаш, Бірлік, Алмалы, Озат, Көрікті; Кемер ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Келешек, Наурыз, Бағбан, Татулық, Азаттық, Табыс; Зерделі ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бейбітшілік, Орталық, Тың, Беткей, Ақшам, Жаңа тұрмыс, Қайырым; Байдала ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақиқат, Ұйымшыл, Еңбек, Парасат, Шапағат; Сұлу бұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Намыс, Құрмет, Ұқыптылық, Өнеге, Иман, Мейрам, Егемендік, Зерек, Жаңа ғасыр; Қызыл таң ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақжелкен, Балдаурен, Сүйінші, Бәйтерек, Жігер, Тазалық, Ақбұлақ деген атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.