Об изменении границ города Шардара, сельских округов Кауысбека Турысбекова и Жаушыкумского Шардаринского района Южно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Шардара қаласының, Қауысбек Тұрысбеков және Жаушықұм ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шардара қаласының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1020,23 гектар Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің және жалпы көлемі 860,77 гектар Жаушықұм ауылдық округінің жер бөліктерінің қосылуымен Шардара ауданындағы Шардара қаласының, Қауысбек Тұрысбеков және Жаушықұм ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.