Об утверждении Правил использования средств резерва акима области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыс әкімінің резерв қаржыларын пайдалану Ережелерін бекіту туралы» 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2002.08.05 N 128 шешімімен. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәур « Бюджеттік жүйе туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы үкіметінің резервтік қаржыларын пайдалану Ережелерін бекіту туралы» № 1408 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің резерв қаржыларын пайдалану Ережесі бекітілсін (№ 1 қасымша)
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдерә бір айлық мерзім ішінде аудан (қала) әкімінің резервтік қаржыларын пайдалану Ережесін әзірлесін және бекітсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Өтешевке жүктелсін
Басқа 1. Облыс әкімінің резервтік қаржыларын пайдалану ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімінің 1999 жылғы 26.10. № 09 шешіміне № 1 қосымша Облыс әкімінің резервтік қаржыларын пайдалану ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже облыс әкімінің резервтік қаржыларын пайдалану және бөлу тәртәбән анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ережеде келесі қғымдар пайдаланылады: әкім резерві - облыстық бюджетте тиісіт қаржы жылына белгілеген және облыс әкімінің өкімімен күтпеген шығындарды қаржыландыруға бөлінетін бір жолғы сипаттағы қаржылар; күтпеген шығындар –болжап кұтілмегендігінен ағымдағы қаржы жылына облыстық бюджеттң қалыптастыру кезінде жоспарлауға мүмкін болмаған және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды қажет ететін шығындар; облыс әкімінің, облыстық әкімет басқармалары, департаменттері және комитеттерінің міндеттемелерн өтеуге арналған әкім резервінің құрамындағы қаржылар - әкім резерві құрамында көзделген және сот шешімдері бойынша облыс әкімінің облыстық әкімет басқармалары, департаменттері және комистеттерінің міндеттемелерін өтеу ұшін облыстық бюджеттік бағдарламадлар жетекшісілеріне бөлінетін қаржылар; облыс әкімі резервісінің қаржыларын алушы – облыстық бюджеттік бағдарламалар жетекшілері немесе аудан, қала әкімдері.
Тармақ 2
2. Жергілікиі атқарушы органдар резервң өаржыларының есебінен қаржыланатын бір жолғы сипаттағы көделмеген шығындарғы келесң шаралар жатады:
Тармақша 1
1) Мынадй жағдайларды қоса алғанда жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою: -Төтенше жағдайлардың туындауы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; - зардап шеккендерге арналған уақытша тұрақтарды молынан орнықтыру және ұстау; - апатты-кұтқару және апатты -қалпына шұғыл кимыл бөлімнелердін кұтқарудың техникалық құралдарымен және қондырғыларымен қосымша жабдықтау; - төтенше жағдайлар аумағына күтер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету.
Тармақша 2
2) Сот шешімдері бойынша облыс әкімінін, облыстық әкімет басқармалары, департаменттері және комиттерінің міндеттемелерін өтеу; Облыс әкімі резервінің қаржылары басқа шығындарды қаржыландыруға бағытталмайды.
Тарау 2. 2. Облыс әкімі резервісінің қаржыларын бөлу және пайдалану тәртібі
2. Облыс әкімі резервісінің қаржыларын бөлу және пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Облыс әкімі резервінен қаржы бөлу алушы, бөлінетін қаржы көлемі және оны пайдалану мақсаты, сондай ақ, ол қаржы қайтару негізінде бөлінген жағдайда оны қайтару шарттары және мерзімі көрсетілген облыс әкімінің өкімі негізінде заңмен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет шығындарының кұрамында бекітілген мөлшерлер шегінде қаржы басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Облыс әкімі резервінін қаржылары қатан мақсатты сипат алады және осы Ережемен және облыс әкімінің резервтен өаржы бөлі туралы өкімімен көзделмеген қажеттерге бөлінбейді.
Тармақ 5
5. Әкім резервінен қаржы бөлу туралы облыс әкімінің өкімін әзерлеу кезінде мынадай шарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) Облыстық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының бөлінбеуі;
Тармақша 2
2) Ағымдағы қаржы жылына облыс әкімі резерві қаржыларына сұраным пайда болғанда және оған қажеттілік облыс әкімінің және облыс әкімшілігі басқармалары, департаменттері және комитеттеттерінің міндеттемелерін өтеуді есепке алмағанда алушының қткен міндеттемесімен байланысты болмаған жағдайда;
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің әкім резервінен қаржылар бөлу туралы өкімдері облыс әкіміінің жыл өткенге дейінге тиісті өкімдерінің негізінде күшін жояды.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жаңдайларды жоюға қаржылар бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жаңдайларды жоюға қаржылар бөлу
Тармақ 7
7. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органдар қаржыларының есебінен қаржыландыруға тиіс.
Тармақ 8
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды облыс әкімінің резервінен қаржыландыру төтенше жағдайдың туындау қаупі немесе оның таралу ауқымы жергілікті атқарушы органдар туындаған проблеманы өз қаржылары есебінен дербес шеше алмайтындай мөлшерге жеткен кездегі жағдайларда жүзеге асырылды. Облыс әкімінің резервінен қаржы бөлу туралы өтінімді төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма қарайды, ол негіздеуші материалдарды ұсыну тәртібін , олардың тізбесін белгілейді және қажет болған кезде, қаржы басқармасымен келісім бойынша облыс әкімінің аппаратына төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу туралы өкімнің жобасын қсынады.
Тарау 4. 4. Сот шешімдері бойынша облыс әкімінің, облыстық әкімет басқармаларының, департаменттерінің, комитеттерінің міндеттемелерін өтеуге қаржылар бөлу
4. Сот шешімдері бойынша облыс әкімінің, облыстық әкімет басқармаларының, департаменттерінің, комитеттерінің міндеттемелерін өтеуге қаржылар бөлу
Тармақ 9
9. Сот шешімдері бойынша облыс әкімінің және облыстық әкімет басқармаларының, департаменттерінің, комитеттерінің, міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда облыс әкімі резервісі қаржыларының есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Облыс әкімінің міндеттемелерін өтеуге әкім резервінен қаржы бөлу туралы облыс әкімі өкімінің жобасын қаржы басқармасы әзірлейді.
Тармақ 11
11. Облыстық әкімет басқармаларының, департаменттерінің, комитеттерінің мәндеттемелерін өтеуге әкім резервінен өаржы бөлу туралы облыс әкімі өкімінің жобасын қаржы басқармасымен келісім бойынша облыстық әкіметтің басқармалары, департаменттері, комитеттері, әзірлейді және облыс әкімінің аппаратына ұсынады.
Тарау 5. 5. Бақылау және есеп беру
5. Бақылау және есеп беру
Тармақ 12
12. Облыс әкімінің резервінен бөлінген қаржыларды алушылар қаржы басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімдерде олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен кұны туралы есеп беруге тиіс.
Тармақ 13
13. Қаржы басқармасы ай сайын облыс әкіметіне облыс әкімі резервісі қаржыларының пайдаланылуы және оның тиісті кезеңге қалған бөлігі туралы ақпарат береді.
Тармақ 14
14. Әкім резервінен бөлінген қаржыларды мақсаттан тыс пайдаланғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастарылған тәртіппен алушыға жүктеледі.
Тармақ 15
15. Облыс әкімінің резервінен алынатын қаржыларды мақсатты пайдалануды бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.