Жаңаөзен қаласы шағынаудандарының көшелеріне ат қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаөзен қаласы шағынаудандарының көшелеріне ат қою туралы Қала халқының Жаңаөзен қаласының шағынаудандарындағы көшелерге ат қою туралы талаптарын (пікірлерін), қалалық ономастикалық комиссиясының осы мәселелер жөніндегі ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қаласының шағынаудандарындағы көшелерге төмендегідей аттар қойылсын. Мұнайлы шағынауданы бойынша: «Спортивная» көшесіне - Сарбөпеев Қуанғали «Строительная» көшесіне - Ысқақов Сағынтай «Мичурин» көшесіне - Сатыбаев Қылышбай
Тармақ 2
2. Жаңадан аталған көшелер аттарын жаздыртып қою қала әкіміне тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.