О мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах в зимний период Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қыс кезінде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 94 шешімімен. Жыл сайын қыс кезінде облыстың су айдындарында төтенше жағдайлар болып, адамдар қаза табуда, материалдық бағалы заттар мен көлік шығынға ұшырауда. Мысалы, төрт қыс айларында (1998 жылғы қараша-желтоқсан және 1999 жылғы қаңтар-ақпан) облыста 12 адам қаза тапты. Адамдардың қаза табуының негізгі се- бептері лауазымды адамдардың және су айдындары иелерінің адамдардың емірін қорғауды ұйымдастыруға жауапсыз қарауы, өткелдер мен мұз үстінен өтетін жол- дардың бақылаусыздығы, облыстық мәслихаттың ХVІІІ сессиясының 1998 жылғы шешімімен бекітілген және облыстық әділет басқармасы 1998 жылғы 9 қазанда № 100 құжатпен тіркеген “Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін сақтаудың міндетті ережесін және оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік орнатуды” сақтамау болып табылады. 1999-2000 жылдардағы қыс кезінде су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың өкімдері, облыстық төтенше жағдайлар басқармасы:
Тармақша 1
1) қауіпті су айдындарының, әсіресе өткелдердегі, мұз үстінен өтетін өткелдердегі , мұз астынан балық аулайтын жерлердегі мұз жағдайын анықтасын және тиянақты бақылау жасасын, оларда ескерту белгілері орнатылсын, қажет болған жағдайда патруль жасауды, айналып жүру мен рейдтерді ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) мұз жағдайының өзгергендігі, қауіпті дауылдардың жақындағандығы, күннің жылынғандығы, қалың қар жауғандығы туралы халыққа дер кезінде құлақтандырылсын;
Тармақша 3
3) мұз үстінен өтетін өткелдерді орналастыру кезінде «Шығыс Қазақстан об- лысының су айдындарында адамдар қауіпсіздігінің міндетті ережесі» басшылыққа алынсын. Өткелдер мен мұз өткелдерін үстау үшін жауапты адамдардың нұсқаулығы ұйымдастырылсын;
Тармақша 4
4) судан құтқару стансалары және құтқарушыларды, құтқару және суға түсу жабдықтарын су айдындарындағы төтенше жағдайлар орындарына жеткізу үшін маневрлік-іздестіру топтары көлікпен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 5
5) мсу айдындарында апатқа ұшыраушы адамдарға жедел көмек көрсету үшін ішкі істер органдарымен, әскери бөлімдермен ынтымақтаса қимылдар жарау ұйымдастырылсын;
Тармақша 6
6) мүздағы қауіпсіздік шаралары жөнінде нұсқамадан өтпеген және құтқару құралдары жоқ әуесқой балықшылардың мұз астынан балық аулауларына жол бе- рілмесін;
Тармақша 7
7) дауылды жел туралы ескерту алған кезде мұз астынан балық аулаушыларды құлақтандыру және оларды жағаға шығару жөнінде жедел шаралар қолданылсын.
Тармақ 2
2. Судан құтқару қызметінің облыстық орталығы:
Тармақша 1
1) құтқару стансалары мен маневрлік іздестіру топтарының тұрақты әзірлігін қамтамасыз етсін, кезекші жүзу және құтқару құралдарың дайындасын, жанар-жағар май материалдарының қорын, прожекторлар, аккумуляторымен бірге фарлардың болуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) өткелдер мен мұз өткелдерін ұстау үшіи жауапты адамдарды, сондай-ақ мұз астынан балық аулауға барушы ұжымдарды нұсқамалау жүргізілсін. Ескерту белгілерін орнатуға бақылау жасау ұйымдастырылсын;
Тармақша 3
3) барлық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде мұздағы қауіпсіздік шаралары туралы сабақтар өткізілсін.
Тармақша 4
4) арнайы тақтайлар, шаналар, басқыштар, сырғауылдар және мұздан құтқарудың басқа да құралдары жөнделсін немесе дайындалсын;
Тармақша 5
5) барлық құтқару стансалары мен постыларында С-3 міндеттері («Мұзда адамдардың өмірін қорғау») пысықталсын;
Тармақша 6
6) қолданылған шаралар туралы облыстық төтенше жағдайлар басқармасына ай сайын 1999 жылғы 10 желтоқсанға, 2000 жылғы 10 қаңтарға, 10 ақпанға, 10 наурызға дейін баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.
Тармақ 4
4. «1998-1999 жылдардағы қыс кезінде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1998 жылғы 5 қарашадағы № 1-495-ө өкімі күшін жойды деп саналсын.