Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағының 18)- тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына және 2009 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Қызылтау ауылдық округі аумағына шектеу қойылуына байланысты малдардың енгізілуіне және шығарылуына тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Қызылтау ауылдық округі әкіміне және ауылдық округтің малдәрігерлік инспекторына (келісім бойынша) малдарды бруцеллез ауруын сауықтыру жөніндегі қажетті іс-шараларды орындасын.
Тармақ 4
4. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі "Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы" № 145/9 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік инспекция
комитетінің Баянауыл аудандық
аумақтық инспекциясының бастығы
Р.Д. Нургалиев
9 қазан 2009 жыл