О переименовании улиц сел Наумовка, Филиповка, Виноградовка и Орнек Қолданыста
Басқа 0
Наумов, Филипов, Виноградов, және Өрнек селоларының көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Наумов, Филипов, Виноградов және Өрнек селоларының халық пікірін ескере отырып, Наумов селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Наумов, Филипов, Виноградов және Өрнек селоларының көшелері қайта аталсын:
Наумов селосы
«Лесная» көшесін – «Қарағайлы» көшесіне;
«Мира» көшесін – «Ақ бидай» көшесіне;
«Приозерная» көшесін – «Тәуелсіздік» көшесіне;
«Зеленая» көшесін – «Жасыл» көшесіне;
«Школьная» көшесін – «Ыбырай Алтынсарин» атындағы көшесіне;
«Парковая» көшесін – «Мәдениет» көшесіне;
«Почтовая» көшесін – «Мәкіш Данияров» атындағы көшесіне;
«Гаражная» көшесін – «Бейбітшілік» көшесіне;
«Складская» көшесін – «Достық» көшесіне;
«Песчаная» көшесін – «Тастақ» көшесіне;
«Карьерная» көшесін – «Жастар» көшесіне;
Филипов селосы
«Мира» көшесін – «Бейбітшілік» көшесіне;
Виноградов селосы
«Приозерная» көшесін – «Кеміркөл» көшесіне;
«Степная» көшесін – «Тәуелсіздік» көшесіне;
«Центральная» көшесін – «Мектеп» көшесіне;
«Школьная» көшесін – «Еңбекші» көшесіне;
«Мира» көшесін – «Бейбітшілік» көшесіне;
Өрнек селосы
«Железнодорожная» көшесін – «Сары төбе» көшесіне;
«Центральная» көшесін – «Мектеп» көшесіне;
«Приречная» көшесін – «Күндіз апай» көшесіне;
«Мектеп» көшесін – «Дәулетбай Ахметжанов» атындағы көшесіне;
«Ардагер» көшесін – «Көшкін Құсайынов» атындағы көшесіне.
Тармақ 2
2. Наумов селолық округі әкімінің 2009 жылғы 25 маусымдағы № 4 «Наумов, Филипов, Виноградов және Өрнек селоларының көше атауларын өзгерту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу жөніндегі № 1-3-114 Тізілімдемесінде тіркелген және 2009 жылғы 4 қыркүйекте аудандық «Ақкөл өмірі» № 36/175 және «Знамя Родины KZ» № 36/134 газеттерінде жарияланған, шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақкөл аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Әкімова