О лицензировании алкогольной продукции (кроме пива) Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алкоголь өнімдерін лицензиялау туралы /сырадан басқа/ 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 21.10.2004 № 43 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь /сырадан басқа/ өніммен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Алкоголь өнімдерімен /сырадан басқа/ бөлшек сауда жасауға лицензия беру құқығы аудандардың және Орал қаласының әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 2
2. Лицензия берушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысымен бекітілген лицензиялаудың тәртібін қатан басшылыққа алсын /тіркелді/. 3.Облыстық салық комитеті /Әбдірахманов/ облыстық салық полициясы өздерінің құзыреті шегінде кәсіпкерлік объектілерінің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңды мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары К.Алексеевке жүктелсін.
Басқа 4. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін /сырадан басқа/ өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың ТӘРТIБI
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы "27” тамыздағы N 1258 қаулысымен бекітілген Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін /сырадан басқа/ өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың ТӘРТIБI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі 2200 заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді және этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 2
2. Осы Тәртіп заңды және жеке тұлғаларға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге, этил спиртін сақтау мен сатуға, алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сақтау мен көтерме, бөлшек сатуға байланысты лицензиялық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің ретін белгілейді.
Тармақ 3
3. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен құжаттарға сәйкес алкоголь өнімін қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде бостау алкоголь өнімін көтерме сату болып табылады.
Тармақ 4
4. Алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда, сондай-ақ стационарлық үй-жайлардың жанындағы жазғы алаңшаларда және фиксальдық жады бар бақылау-касса аппаратымен жарақталған стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын тұтыну немесе коммерциялық мақсатта пайдалану үшін алкоголь өнімін сату бөлшек сауда жасау болып табылады.
Тармақ 5
5. Лицензия қызметтің мынадай түрлерінің әрбіріне беріледі:
Тармақша 1
1) этил спиртін өндіру;
Тармақша 2
2) алкоголь өнімін өндіру;
Тармақша 3
3) этил спиртін сақтау мен сату;
Тармақша 4
4) алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сақтау және көтерме сату;
Тармақша 5
5) алкоголь өнімімен /сырадан басқа/ бөлшек сауда жасау;
Тармақша 6
6) лицензияны:
Тармақша 1
1) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілеттік берілген мемлекеттік орган осы Тәртіптің 5-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген қызметтің түрлеріне;
Тармақша 2
2) алкоголь өнімімен /сырадан басқа/ бөлшек сауда жасауға жергілікті атқарушы органдар береді.
Тармақ 7
7. Лицензиялық алымның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тармақ 8
8. Лицензияның формасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Лицензия бланкісі қатаң есептік құжат болып табылады.
Тарау 2. 2. Лицензияны берудің тәртібі
2. Лицензияны берудің тәртібі
Тармақ 9
9. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік /заңды тұлғалар үшін/;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің біліктілік деңгейінің лицензияланатын қызметтің тиісті түріне қойылатын талаптарға сәйкес екендігін растайтын мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын берген құжаттар;
Тармақша 4
4) санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы;
Тармақша 5
5) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруге лицензия алу үшін-экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы;
Тармақша 6
6) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруге лицензия алу үшін-өртке қарсы қадағалау органының қорытындысы;
Тармақша 7
7) қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжат;
Тармақша 8
8) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруге лицензия алу үшін – өтініш берушінің стационарлық өндірістік үй-жайлар мен жабдыққа меншік құқығын растайтын құжаттар. Осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген құжаттар бірінші басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен куәландырылған көшірмелерде ұсынылады. Осы тармақтың 3) -6) тармақшаларында санамаланып көрсетілген құжаттардың өту мерзімі құжаттарды қабылдау күнінде оларды берген күннен бастап, 3 айдан аспау тиіс.
Тармақ 10
10. Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия біліктілік деңгейі қызметтің осы түріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін субъектіге беріледі.
Тармақ 11
11. Лицензия өтінішті барлық қажетті құжаттармен бірге берген күнінен бастап, бір айлық мерзімнен кешіктірілмей беріледі. Лицензияны беруден бас тартылған кезінде қтініш берушіге лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдерде, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Лицензияны беруден бас тарту - өтініш берушіге қолы койдырылып табыс етіледі немесе почтамен жіберіледі.
Тармақ 12
12. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және лицензиярдың мөрімен куәландырылады.
Тарау 3. 3. Біліктілік талаптары
3. Біліктілік талаптары
Тармақ 13
13. Этил спирті мен /немесе/ алкоголь өнімін өндіруге лицензия алу үшін өтініш берушіде мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) этил спирті мен алкоголь өнімін өндірудің /бальзамдардан, коньяктардан, шарап шаруашылығы өнімінен және сырадан басқа/ әрбір технологиялық желіге жылына 200 мың далдан төмен емес көлемде өндіру мүмкіншілігі;
Тармақша 2
2) өндіруші әзірлеген өндіру паспорты;
Тармақша 3
3) спирт өлшейтін аппараттар /этил спиртін өндіруі кезінде/ және лицензиарға өндірілген көлемдер туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтатмасыз ететін алкоголь өнімін /сыра мен газдалған алкоголь өнімінен басқа/ өндіру кезінде, лицензиар пломбылаған және белгіленген талаптарды қанағаттандыратын өндіру көлемдерін есепке алу приборлары;
Тармақша 4
4) қойма үй-жайлары - спирт сақтау қоймалары /этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру кезінде, оған этил спирті қолданылғанда/ этил спиртін қабылдауды, сақтауды, босату мен есепке алуды жүзеге асыру үшін ғана арналған және техникалық құжаттамаға сәйкес келетін мамандандырылған стационарлық үй-жайлары немесе алаңдары;
Тармақша 5
5) қойма үйжайлары - нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес келетін тек алкоголь өнімін қабылдауды, сақтауды, босату мен есепке алуды жүзеге асыру үшін арналған мамандандырылған стационарлық үй-жайлары /алкоголь өнімін өндіруге лицензия алу үшін/;
Тармақша 6
6) шикізат пен өнімді өндіру мен сапасын химиялық және технологиялық бақылау бойынша өтініш берушіге атестатталған сынақ лабораториялары, ал жылына 100 мың декалитр қуаттылықтағы сыра зауыттары үшін - шикізат пен дайын өнімді өндіру сапасына химиялық және технологиялық бақылау жүргізуге арналған лабораториямен шарттың болуы;
Тармақша 7
7) өтінім беруші жүзеге асыруы үшін лицензия алуға талап қылған қызмет саласындағы техникалық құжаттаманың;
Тармақша 8
8) стационарлық коммуникациялардың - нормативтік техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және салқын сумен жабдықтаудың, бу - салқын электр жабдықтаудың және канализацияның;
Тармақша 9
9) таразы және өлшеу шаруашылығының;
Тармақша 10
10) алкоголь өнімін, өндірістің қосалқы өнімдерін, шикізатты, қосымша материалдарды, ыдыстарды нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес сақтаудың жағдайлары;
Тармақша 11
11) өндірісті және сынақ лабораторияларын өлшеу құралдарымен метрологиялық қамтамасыз етуі;
Тармақша 12
12) өзіндік ерекшелігі бар жабдықпен өндірістің аппаратуралық-технологиялық схеманың, жабдықтарды орналастырудың жинақтамалық жоспарларының болуы керек.
Тармақ 14
14. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге стационарлық өндірістік үй-жайларда және меншік құқығында өндірушіге тиесілі жабдықтарда және тиісті біліктілік талаптарында жол беріледі. Аталған үй-жайлар мен жабдықтарды жалдауға байланысты қызметті лицензиялауға жол берілмейді. Этил спирті мен алкоголь өнімін екі және одан көп лицензиатқа бір және дәл сол жабдықта және дәл сол стационарлық үй-жайларда өндіруге тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сақтау мен көтерме сатуға арналған лицензияны алу үшін өтініш берушіде мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) мамандандырылған үй-жайлар тек алкоголь өнімін сақтау, қабылдау мен босату үшін; қосалқы үй-жайлар, ыдыстарды сақтау, өнімді сату, қабылдау-орауын ашу және орау-қаптау жұмыстары үшін, сондай-ақ тауар үлгілерінің стенд-витриналары; инженерлік-техникалық үй-жайлар жабдықтарды сақтау, көтергіш-көлік тетіктерін қою, күзет және өрт дабылдамалары болмаған кезде өрт қызметі үшін және басқалар/;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген мамандандырылған үй-жайларға автомобиль және темір жол кіре берістері;
Тармақша 3
3) коммуникациялық жүйелер - салқын сумен жабдықтау, канализация, жылу, электрмен жабдықтау, желдету, сондай-ақ өртке қарсы құралдар, өрт дабылдамалары /өрт күзеті/;
Тармақша 4
4) тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ететін техникалық құжаттама /санитарлық нормалар мен ережелер, ГОСТ-тар, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелері/.
Тармақша 5
5) стандарттау, метрология және сертификаттау органдарымен белгіленген тәртіпте келісілген өлшеу құралдары және оларды тексерудің кестесі;
Тармақша 6
6) сақтау кезінде сапасын жоғалтуына жол бермейтін белгіленген талаптарға сәйкес келетін сақтау жағдайлары /температуралық режимді және басқа да өлшемдерді, тауарлық көршілестікті және сақтаудың өзге де жағдайларын ұстану/;
Тармақша 7
7) санитарлық-гигиеналық нормалар мен техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес жұмыс істеушілердің еңбек жағдайын қамтамасыз ететін арнаулы киімдер мен басқа қорғаныш құралдары;
Тармақша 8
8) сауда-делдалдық қызмет саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Тармақ 16
16. Алкоголь өнімін сақтаумен және көтерме сатумен байланысты қызметке /сырадан басқа/ екі немесе одан да көп лицензиатқа бір үй-жайда тыйым салынады.
Тармақ 17
17. Алкоголь өнімімен бөлшек сауда жасауға арналған лицензияны алу үшін өтініш берушіде мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) стационарлық үй-жайлар, сумен жабдықталған, энергиямен жабдықталған, канализациясы /ауылдық жерлердегі елді мекендерден басқа/, өртке қарсы қондырғылары, күзет дабылдамалары бар, яғни іргесі бар, оларды қозғау өздерінің құрастырмаларына зиян келтірусіз мүмкін емес күрделі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөліктері. Стационарлық үй-жайда мынадай топтарға бөлінетін үй-жайлардың жиынтығы болуы тиіс; сауда үй-жайы /сауда залы, яғни жұмыс тауарлары мен көрмелік запастары қойылатын, сондай-ақ сатып алушылар тауарларды таңдап алу жүзеге асырылатын, таңдап алынған тауарларға есеп айырысу операциялары, сатып алушыларға түрлі қосымша қызметтер көрсетілетін үй-жай/. Сауда залына, сондай-ақ ресторандарға, кафе, барларға келушілерге қызмет көрсету залдары да жатады; қабылдауға, сақтау мен тауарларды сатуға дайындауға арналған үй-жай /бұларға: тауарларды сақтауға арналған қабылдау бөлмелері, түсіру орындары, шағын қоймалар, тауарларды сатуға, дайындауға арналған үй-жайлар, орау-қаптау және жинақтау орындары да жатады/; қосалқы үй-жайлар /ыдыстар мен контейнерлерді сақтауға арналған үй-жай, ыдыстарды қабылдауға арналған үй-жай/; әкімшілік- тұрмыстық үй- жай; техникалық учаскелер /желдеткіш камералар, ауаны салқындату камералары және басқалар/.
Тармақша 2
2) фискальдық жады бар бақылау-касса аппараттары;
Тармақша 3
3) алкоголь өнімімен бөлшек сауда жасаумен айналысатын субъектілердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен техникалық құжаттама /санитарлық нормалар мен ережелер, ГОСТ-тар, өрт қауіпсіздігі қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелері және басқалар/;
Тармақша 4
4) стандарттар мен техникалық шарттардың міндетті талаптарының сапасына сәйкес келетін сатуда бар тауарды қоюға арналған витриналар /аспалы, арнаулы/, сөрелер және басқалар;
Тармақша 5
5) сақтау кезінде сапасының жоғалуына жол бермейтін белгіленген талаптарға сәйкес келетін сақтау жағдайлары /температуралық режим мен басқа да өлшемдерді, тауарлардың көршілестігін және сақтаудың басқа да жағдайларын ұстану/.
Тарау 4. 4. Лицензияны беруден бас тарту, қолданылуын тоқтату, оны қайтып алу және тоқтата тұру
4. Лицензияны беруден бас тарту, қолданылуын тоқтату, оны қайтып алу және тоқтата тұру
Тармақ 18
18. Лицензия егер:
Тармақша 1
1) субъектілердің аталмыш санаттарына қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;
Тармақша 2
2) лицензиялау үшін талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмаса. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезінде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
Тармақша 3
3) өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермесе;
Тармақша 4
4) өтініш берушіге қатысты соттың оның қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынатын шешімі болса;
Тармақша 5
5) лицензиялық алым төленбесе берілмейді.
Тармақ 19
19. Лицензияны беруден бас тартуға:
Тармақша 1
1) өтініш берушіге лицензияланатын қызметті жүзеге асыру құқығын берудің орынсыздығы;
Тармақша 2
2) рыноктың өндіру не сату үшін лицензия талап етілетін тауарлармен /жұмыстармен, қызмет көрсетулермен/ мол қамтылғаны;
Тармақша 3
3) рынокта монополды жағдайды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өтініш берушінің жеке басының қасиеті мен іскерлік беделіне күмәндану себептері бойынша, оның ішінде бұрынғы сотталғандығы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға бұрын тыйым салынғандығы, бұрынғы лицензияларды қайтып алу себептері бойынша, егер бұл тыйым салулар мен қайтып алулар заңдарда белгіленген тәртіппен өзінің қолданылуын тоқтатқан /өтеген/ болса тыйым салынады
Тармақ 20
20. Лицензия өзінің қолданылуын лицензиялау туралы заңда көзделген жағдайларда ғана тоқтатады.
Тармақ 21
21. Лицензияның қолданылуының тоқтатылуына байланысты дауларды соттар шешеді.
Тармақ 22
22. Лицензия:
Тармақша 1
1) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;
Тармақша 2
2) сот лицензиатқа ол лицензияда жүзеге асыратын қызметтің түрімен айналысуға тыйым салған;
Тармақша 3
3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайда заң актілерімен өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен қайтып алынуы мүмкін.
Тармақ 23
23. Лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы лицензиар жүргізетін тексерулер арқылы анықталады.
Тармақ 24
24. Лицензиар лицензияның қолданылуын мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) заңды немесе лицензиялау тәртібін бұзғанда;
Тармақша 2
2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен айналымының көлемдерін декларациялаудың белгіленген тәртібін бұзғанда;
Тармақша 3
3) лицензиар құзыретінің шектеріндегі талаптарды орындамағанда;
Тармақша 4
4) этил спирті мен алкоголь өнімін заңның талаптарын бұза отырып өндіргенде;
Тармақша 5
5) этил спирті мен алкоголь өнімін стандарттардың талаптарына сәйкестікте емес өндіргенде немесе сатқанда;
Тармақша 6
6) лицензиарға мәліметтерді беруден бас тартқанда немесе кәміл емес ақпаратты бергенде;
Тармақша 7
7) акциздерді ұдайы төлемегенде;
Тармақша 8
8) алкоголь өнімін таңбалаудың тәртібін бұзғанда;
Тармақша 9
9) этил спирті мен алкоголь өнімін лицензияда көрсетілмеген мекен-жайда өндіргенде, сақтағанда немесе сатқанда;
Тармақша 10
10) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен айналымының көлемі туралы декларацияларды бұрмалағанда және белгіленген мерзімдерде бермегенде;
Тармақша 11
11) лицензиат дәрменсіз болғанда;
Тармақша 12
12) этил спиртін сатудың, алкоголь өнімін көтерме және бөлшек сатудың ережелерін бұзғанда;
Тармақша 13
13) сатуда шығу тегі белгісіз алкоголь өнімі анықталғанда;
Тармақша 14
14) бөлшек саудамен айналысатын субъектілер алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуға лицензиясы жоқ шаруашылық жүргізуші субъектілерден сатып алғанда себептерін көрсете отырып, алты айға дейін мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 25
25. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарау лицензиаттың қатысуымен тексерулердің нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Лицензиат қолы қойдырылып немесе почта арқылы мәлімделіп /құлақтандырылып/ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарайтын күн және орны туралы хабарландырылады.
Тармақ 27
27. Лицензиат келмеген жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.
Тармақ 28
28. Лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімі лицензиатқа қолы қойдырылып тапсырылады не почтамен /құлақтандырудың/ жіберіледі.
Тармақ 29
29. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерін лицензиат жойған соң лицензия қолданылуы қайта басталады, бұл туралы лицензиатқа жазбаша түрде қолы қойдырылып не почта арқылы хабарламамен /құлақтандыру/ мәлімдемеледі.
Тармақ 30
30. Лицензияның қолданылуын кайта бастау туралы шешімді лицензиар жүргізілген тексеруден соң қабылдайды.
Тарау 5. 5. Лицензияларды есепке алу және лицензияланатын қызметті бақылау
5. Лицензияларды есепке алу және лицензияланатын қызметті бақылау
Тармақ 31
31. Лицензияларды есепке алу мен лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Тексерулерді жүргізудің және олардың нәтижелерін ресімдеудің тәртібін лицензиар белгілейді.
Тарау 6. 6. Лицензиаттың құқықтары мен міндеттері
6. Лицензиаттың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 33
33. Лицензиат:
Тармақша 1
1) лицензияны тоқтата тұру, тоқтату немесе қайтып алу мәселелері бойынша барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензиар осы материалдарды қараған кезінде қатысуға;
Тармақша 2
2) лицензия беруден бас тарту туралы шешімге; лицензияның қолданылуы туралы шешімге сот тәртібімен шағымдануға;
Тармақша 3
3) заңдарға сәйкес езге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 34
34. Лицензиат /лицензияланатын қызметтің барлық түріне қойылатын лицензиаттардың жалпы міндеттері/:
Тармақша 1
1) санитарлық, экологиялық, өрт қауіпсіздігінің нормативтік құқықтық актілерін және басқа да заңдардың талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) өндірілген этил спирт мен алкоголь өнімін стау кезінде және лицензиар белгілейтін нысан бойынша алкоголь өнімін көтерме сату кезінде көлік құжатын ресімдеуге;
Тармақша 3
3) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді тиісті мемлекеттік орган айналымын шығарып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда оларды сатуды дереу тоқтатуға;
Тармақша 4
4) белгіленген үлгідегі сәйкестік сартификаты /және белгілері/ бар алкоголь өнімін белгіленген тәртіппен таңбаланған акциз алымы таңбаларымен сатуға;
Тармақша 5
5) тиісті стандарттардағы этил спирті мен алкоголь сондай-ақ зиянды қоспалардың жол берілетін шекті шоғырын сақтай отырып сатуға міндетті.
Тармақ 35
35. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге лицензиясы бар лицензиат.
Тармақша 1
1) тек тамақ шикізатынан өндірілген этил спиртін қолдануға;
Тармақша 2
2) тоқсан сайын кемінде 50 мың дал этил спиртін және /немесе/ арақ және ликер-арақ өнімін өндіруге;
Тармақша 3
3) алкоголь өнімін /сырадан басқа/ көтерме сатып алушыға алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуға лицензиясын көрсетуі кезінде ғана немесе өзінің фирмалық мамандандырылған дүкендері арқылы сатуға;
Тармақша 4
4) рецептурасы немесе технологиялық процесі өзгерген кезінде, өнімнің жаңа түрлері өндірілген кезінде этил спиртімен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу жөніндегі органда технологиялық нұсқаулық пен рецептураны
Тармақша 5
5) өндірісті химиялық, технологиялық және микробиологиялық бақылаудың тиісті журналық есебін, өндірістің есебін, сондай-ақ берушілер мен тұтынушылар тұрғысында этил спирті мен алкоголь өнімі айналымының есебін қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) этил спиртін сенімхаттың негізінде және жеке басын куәландыратын куәлігін көрсетуі кезінде тек этил спиртін бірінші басшылардың бұйрықтарымен алуға уәкілеттік берілген адамдарға сатуға;
Тармақша 7
7) өндірістік қуаттар өзгерген жағдайда; ұлғайған кезінде - қызметті лицензиар бекіткен өндірістің паспорты болуы кезінде жаңадан қосылған қуаттарда жүзеге асыруға; азайған кезінде - қызметті лицензиар өндірістің паспортын бекіткен соң жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) алкоголь өнімін өндіретін жерлерден тысқары жерде орналасқан қойма үй-жайлар болған кезінде алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуды белгіленген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы болған кезінде ғана жүзеге асыруға. Егер көрсетілген қойма үй-жайлары заңды тұлғаның филиалының мүлкіне жататын жағдайда, алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуда лицензиардың тиісті рұқсаты болған кезінде жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 36
36. Алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сақтау мен көтерме сатуға лицензиясы бар лицензиат:
Тармақша 1
1) алкоголь өнімін көтерме сатуда алкоголь өнімін сақтауға, қабылдау мен босатуға ғана арналған, біліктілік талаптарына жауап беретін үй-жайлардан, сатып алушы алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуға арналған лицензиясыз немесе алкоголь өнімімен бөлшек сауда жасауға арналған лицензиясын көрсеткен кезінде ғана жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) берушілер мен тұтынушылар тұрғысында тиісті журналдық есепті қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 37
37. Алкоголь өнімімен /сырадан басқа/ бөлшек сауда жасауға арналған лицензиясы бар лицензиат:
Тармақша 1
1) алкоголь өнімімен /сырадан басқа/ бөлшек сауданы сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда ғана не стационарлық үй-жайлардың жанындағы және фискальдық жады бар бақылау-касса аппаратымен жарақталған жаздық алаңшаларда жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) сатылатын алкоголь өніміне арналған сәйкестік сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған оның көшірмесі болуы міндетті.
Тармақ 38
38. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәріханаларда этил спиртін сатуды қоспағанда, этил спирті бөлшек саудада сатуға тиым салынады.
Тармақ 39
39. Филиалдарын ашқан кезінде лицензиат белгіленген тәртіппен этил спиртін өндіруге, алкоголь өнімін өндіруге, сақтау мен көтерме сатуға лицензиардың рұқсатын алуға міндетті. Көрсетілген рұқсатты алу үшін лицензиат осы Тәртіптің 9-тармағының 1, 6, 8-тармақшаларында айтылған құжаттарды әрбір филиал үшін ұсынады. Лицензияның қосымшасында өтініш беруші қызметтің – лицензияланатын түрін жүзеге асыруға құқығы бар әрбір филиал туралы мәліметтер болады.
Тарау 7. 7. Лицензиаттың жауапкершілігі
7. Лицензиаттың жауапкершілігі
Тармақ 40
40. Өтініш беруші лицензия алу үшін өзі ұсынған құжаттардың ақиқаттығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.
Тармақ 41
41. Лицензиат қызметті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауап береді. Қызметті этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы бойынша тиісті лицензиясыз жүзеге асырудан алынған кіріс Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті бюджетке алынып қойылуға жатады.