О комиссии по развитию малого предпринимательства при акиме области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы шағын кәсіпкерлікті, дамыту жөніндегі комиссия туралы» 1999 жылғы 6 шілдедегі N 935 қаулысын іске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) Облыс әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы Ереже (№ 1 қосымша).
Тармақша 2
2) Облыс әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия құрамы (№ 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері бір ай мерзімде шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде комиссиялар құрсын және олардың ережесін бекітсін
Басқа 5. Облыс әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкімінің
1999 жылғы 6 тамыздағы
№ 161 шешіміне
№1 қосымша
Облыс әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі комиссия) облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының қазіргі заңдарын, әкімнің шешімін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері
2. Комиссияның міндеттері
Тармақ 3
3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Тармақ 4
4. Заңдарда белгіленген тәртіппен кәсіпкерлердің мүдделерін білдіру, заңды құқықтарын қорғау және әкімнің шешімін қабылдау (дайындау) кезінде олардың пікірлерін ескеру.
Тармақ 5
5. Кәсіпкерлердің және олардың қоғамдық бірлестіктерінің облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және азаматтардың әл ауқатын арттыруға бағытталған сындарлы бастамаларын қолдау.
Тармақ 6
6. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу.
Тарау 3. 3. Комиссия құрамы
3. Комиссия құрамы
Тармақ 7
7. Комиссияны облыс әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 8
8. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры комиссияның хатшысы болады.
Тармақ 9
9. Комиссияның жұмысшы органдарының функциялары кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментіне жүктеледі.
Тармақ 10
10. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусы берілсе қабылданған деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Тармақ 11
11. Комиссияның шешіміне комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде мазмұндалуы және комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркелуі тиіс.
Тармақ 13
13. Комиссия хатшысы:
- комиссия отырысында күн тәртібі бойынша ұсыныс дайындайды;
- комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметінің негізгі бағыттары
4. Комиссия қызметінің негізгі бағыттары
Тармақ 14
14. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:
шағын бизнестің салалық, кәсіби және аумақтық одақтарымен ассоциацияларымен, басқа да құрылымдарымен өзара әс-қимыл жасайды;
келісілген шешімдерді пысықтау үшін шағын бизнесті қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Осы мақсатта оларға тиісті органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, Комиссияның бірлескен тақырыптық отырыстарын ұйымдастырады.
Заңдарда белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерліктің өкілдерін әкім шешімінің жобасын дайындауға, шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын және іс-шараларын әзірлеуге тартады;
шағын әсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің, одақтарының, ассоциацияларының қатысуымен аймақтардың өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге қатысады.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 15
15. Комиссия өз қызметін жүзеге асыру үшін:
заңдарда белгіленген тәртіппен Комиссияның жұмысы үшін ғалымдардың, беделді кәсіпкерлердің, басқару органдары өкілдерінің және басқа да мамандардың қатарынан сарапшылар мен консультанттарды тартады;
Белгіленген тәртіппен атқарушы өкімет органдарынан қажетті ақпараттар, талдаулық, анықтамалық статистикалық материалдар, сондай-ақ ведомстволық және нормативтік-құқықтық актілер алады.
Қажеттілігіне қарай уақытша істейтін сараптамашылар мен жұмыс тобын ұйымдастырады.
Тармақ 16
16. Комиссияның отырысын қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет Комиссияның төрағасы шақырады.
Басқа 27. Облыс әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің
1999 жылғы 6 тамыздағы
№ 161 шешіміне қосымша
Облыс әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
1. В.К. Алексеев - облыс әкімінің орынбасары, төрағасы
2. А.К. Нұғыманов - Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, хатшысы
3. М.М. Әбдірахманов - Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің төрағасы
4. К.Ғ. Әбсатыров - Шағын бизнес орталығы ассоциациясының директоры
5. А.С. Әйтимов – Алматы жоғары индустриалды экономикалық колледж филиалының
атқарушы директоры
6. С.Н. Анищенко – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі басқарма
бастығының орынбасары
7. Е.М. Жұмағалиев – экономика басқармасының бастығы
8. Ғ.И. Дүйсембаев – Бөрлі ауданының әкімі
9. А.С. Жабалбаева – қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары
10. С.Х. Игіліков – әділет басқармасы бастығының орынбасары
11. А.Қ. Ізтелеуов – Орал қаласы әкімінің орынбасары
12. Б.И. Ізбасаров – Ұлттық банктің облыстық басқармасының бастығы
13. В.В. Киянский – "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы"
кәсіпорыны директорының орынбасары
14. В.А. Кондратенко – табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі
комитеттің төрағасы
15. Т.Ш. Рақымжанов – Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
16. К.А. Сүйінтиев – Облыстық сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы
17. А.Г. Тастеміров – Батыс Қазақстандағы "Евразия" менеджмент және тілдер институтының
ректоры
18. А.Д. Хамзин – облыстық статистика басқармасының бастығы
19. Е.А. Шарманов – облыстық кеден басқармасы бастығының орынбасары