О переименовании улицы в ауле Олжабай батыра Ерейментауского района Қолданыста
Басқа 0
Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылының көшесінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып Олжабай батыр атындағы селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Олжабай батыр ауылындағы Советская көшесі Қайролла Жакудин атындағы көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Ерейментау ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Әдірешев