О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Сарыкөл ауданы әкімінің 2009 жылғы 20 қазандағы № 07-18/968 хатын қарастырып, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсыну түрінде, 2009 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Марат Кәкiмжанұлы Төлемiсов "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Илияс Мыңжасарұлы Насыров