Карантин қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантин қою туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18 тармақшасын, "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып, Казталов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы орынбасарының 12.10.2009 жылғы № 618 санды ұсынысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бірік ауылдық округінің Қызылту елді-мекенінің тұрғыны Д. Журасовтың жеке шаруашылығындағы ірі қара малынан қарасан (Эмфизематозный карбункул) ауруы шығуына байланысты және ауру ошағы деп танылғандықтан Бірік ауылдық округінің Қызылту елді-мекенінің аумағына карантин қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы елді мекеннен мал өнімдерін шығаруға және малдың әкелініп - әкетілуіне жол берілмесін.
Тармақ 3
3. Карантиннің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Бірік ауылдық округінің әкімі Б. Мусинге және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бастығы А. С. Малаховқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. И. Құтқожинге жүктелсін.