Құжат мәтініне өту

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру Қағидасын бекіту туралы

Өзге акт · № 151 · қабылданған 30.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.12.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-48436/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 151 ·30.09.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру Қағидасын бекіту туралы

ҚАЗАуылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 151 · қабылданған 30.09.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру Қағидасын бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
151
Қабылданған күні
30.09.2009
Көрсетілген редакция
11.12.2012 · қолданыстағы AI48436_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
11.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LD000103
ЭКБ идентификаторы
48436
Редакция идентификаторы
AI48436_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:20

0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру Қағидасын бекіту туралы

РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 3 тармағының 4 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру қағидасы бекітілсін.

2 Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру Қағидасы

2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХVІІ
сессиясының төрағасы                            Қ. Әлімбай
Аудандық мәслихаттың хатшысы                    Т. Бөріқұлақов
Аудандық Мәслихаттың
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
N 151 нормативтік құқықтық
кесіммен бекітілген
Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру Қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы қағида ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) берудің тәртібін белгілейді.

2

2. Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді.

2 2. Қаржыландыру түрі

3 3. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек жергілiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен бекітілген мөлшерде беріледі.

4

4. Әлеуметтік көмек "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету" 451004000332 бюджеттік бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылады.

3 3. Әлеуметтік көмектің тағайындалуы және төленуі

5 5. Отын сатып алу үшін берілетін әлеуметтік көмекті алуға құқылы адам "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) өтініш;

2 2) жеке куәліктің көшірмесі;

3 3) СТН (салық төлеушінің нөмірі) көшірмесі;

4 4) азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесімен бірге) немесе тұрғылықты жері бойынша отбасының құрамы туралы анықтама;

5 5) жұмыс орнынан анықтама.

6

6. Құжаттарды дайындау "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрған комиссия арқылы жүргізіледі. Құжаттарды қарау қорытындысымен комиссия әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Комиссия шешімі өтініш берушіге хабарланады, ал әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылған жағдайда дәлелді себебі көрсетіледі.

7

7. Әлеуметтік көмек алушылардың отбасында бірнеше мүшесінің әлеуметтік көмекке құқы бар болған жағдайда көмек отбасының әрбір мүшесіне беріледі және жылына бір рет ақшалай түрде төленеді. Сондай-ақ, егер ағымдағы жылы әлеуметтік көмекті алуға өтініш жасалмаса, онда сол жылы алмаған әлеуметтік көмек келесі жылдың есебіне қосылмайды және берілмейді.

8 8. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі комиссияның шешіміне сәйкес әлеуметтік көмекті алушылардың есебін жүргізеді және ақша қаражаттарының түсуіне қарай әлеуметтік көмек тағайындалған адамдардың жеке есеп шоттарына аударады.

9 9. Әлеуметтік көмек алушыларға төленетін қаржы екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

4 4. Әлеуметтік көмектің берілуін бақылау мен есеп беру

10 10. Әлеуметтік көмектің берілуін бақылау мен есеп беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.