Ақсу ауылының шегін өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақсу ауылының шегін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108–бабының 5-тармағына, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 25/295-ІІІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2006 жылғы 2 қазандағы № 333 "Қазығұрт, Отырар, Сайрам және Төлеби аудандары әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1943-нөмірімен тіркелген бірлескен шешімі мен қаулысына және аудандық мәслихаттың құрылған уақытша комиссиясының 2009 жылғы 19 тамыздағы ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақсукент ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 1170,0 гектар жер телімі алынып, Ақсу ауылының шегіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Жалпы көлемі 1170,0 гектар жер телімі қосылып, Ақсу ауылының шегі өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.