О присвоении наименований улицам аула Бозайгыр аульного округа Бозайгыр Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылының көшелеріне атау тағайындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Шортанды ауданының тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылғы 27 қазандағы № 9 шешімі бойынша, Бозайғыр ауылы тұрғындарының пікірі есебімен, Бозайғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылының көшелеріне атау тағайындалсын:
Тармақша 1
1) № 1 көшесіне – Болашақ көшесі;
Тармақша 2
2) № 2 көшесіне – Береке көшесі.
Тармақ 2
2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. КЕЛІСІЛДІ: Шортанды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е. Байтоқанов Шортанды ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Бартош