Түрксіб селосындағы Орталық көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түрксіб селосындағы Орталық көшесінің атауын өзгерту туралы Түрксіб селосындағы Орталық көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Бесағаш селолық округіне қарасты Түрксіб селосындағы Орталық көшесінің аты Қалдыбекұлы Қармолда атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.