Жаңажол ауылының көшесіне атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Жаңажол ауылының көшесіне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып Жаңажол ауылдық округі тұрғындарының жалпы жиналысының 2005 жыл 28 қыркүйектегі, Жаңақала аудандық ономастикалық комиссияның 2005 жыл 2 қарашадағы N 2 хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылының шығыс бағытынан басталатын көшеге "Сұлтанғали Лұқпанов атындағы көше" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б. Шабақовқа жүктелсін.