"О порядке ввоза на территорию Республики Казахстан систем безопасности, аппаратуры, оборудования, других технических средств для охраны объектов и обособленных помещений" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағына қауіпсіздік жүйелерін, аппаратураларды, жабдықтарды, объектілер мен оқшауландырылған үй-жайларды күзетуге арналған басқBа да техникалық құралдарды әкелудің тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 6 бұйрығымен.
Қауіпсіздік жүйелерін, аппаратураларды, жабдықтарды, объектілерді күзетуге арналған басқа да техникалық құралдарды және оқшауландырылған үйжайларды әкелуді реттеу мақсатында
бұйырамыз:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Мемлекеттік күзет қызметі бас басқармасы:
- Қазақстан Республикасының аумағына қауіпсіздік жүйелерін, аппаратураларды, жабдықтарды, объектілер мен оқшауландырылған үй-жайларды күзетуге арналған басқа да техникалық құралдарды әкелуге арналған бір жолғы рұқсаттың нысанын әзірлесін;
- өнімнің осы түрлерін әрбір әкелуге біржолғы рұқсатты міндетті алу туралы Қазақстан Республикасының аумағына қауіпсіздік жүйелерін, аппаратураларды, жабдықтарды, объектілер мен оқшауландырылған үй-жайларды күзетуге арналған басқа да техникалық құралдарды әкелуді жүзеге асыратын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің назарына жеткізілсін;
- үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін кезеңде қызметтің осы түрін жүзеге асыратын кәсіпорындарды анықтау және есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын. Оларды лицензиялауды және оларға қатысты өзге де заңдарда көзделген шаралар қабылдауды жүзеге асырсын;
- қауіпсіздік жүйелерін, аппаратураларды, жабдықтарды, объектілер мен оқшауландырылған үй-жайларды күзетуге арналған басқа да техникалық құралдарды әкелуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерді 1997 жылдан бастап күзетілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы ішкі істер органдарының мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелеріне күзетуге беруге жататын меншіктің түрлі нысандарындағы объектілерде және пәтерлерде қолдану ұсынылған өрт және күзет белгі берушілерінің техникалық құралдарының тізбесімен қамтамасыз етсін;
- қажет жағдайларда әкелінетін қауіпсіздік жүйелерін, аппаратураларды, жабдықтарды, объектілер мен оқшауландырылған үй-жайларды күзетуге арналған басқа да техникалық құралдарды сараптық бағалауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті мен оның бөлімшелері:
- 1997 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін қауіпсіздік жүйелерін, аппаратураларды, жабдықтарды, объектілер мен оқшауландырылған үй-жайларды күзетуге арналған басқа да техникалық құралдарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Мемлекеттік күзет қызметінің біржолғы рұқсатын ұсынбаса кедендік ресімдеуге тыйым салынсын;
- республикаға заңды және жеке тұлғалардың қауіпсіздік жүйелерін, аппаратураларды, жабдықтарды, объектілер мен оқшауландырылған үй-жайларды күзетуге арналған басқа да техникалық құралдарды іс жүзінде әкелуі туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Мемлекеттік күзет қызметінің бас басқармасына ай сайын хабарлап отырсын;
- республикаға әкелінетін қауіпсіздік жүйелерінің, аппаратуралардың, жабдықтардың, объектілер мен оқшауландырылған үй-жайларды күзетуге арналған басқа да техникалық құралдардың жекелеген партияларын кедендік ресімдеуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Мемлекеттік күзет қызметі бас басқармасының мамандарының қатысуымен жүргізсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Мемлекеттік күзет қызметінің бас басқармасы қауіпсіздік жүйелерін, аппаратураларды, жабдықтарды, объектілер мен оқшауландырылған үй-жайларды күзетуге арналған басқа да техникалық құралдарды әкелудің тәртібін түсіндіру жөнінде жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 4
4. Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау:
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Мемлекеттік күзет қызметі бас басқармасының бастығы, милиция полковнигі В.П. Канға;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінен - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті төрағасының орынбасары, I рангы кеден қызметінің кеңесшісі В.Д. Кирдановқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі - ішкі Мемлекеттік кеден
әскерлерінің қолбасшысы комитетінің төрағасы,
генерал-лейтенант III рангы кеден
қызметінің мемлекеттік
кеңесшісі