О переименовании улицы аула Акмол Қолданыста
Басқа 0
Ақмол ауылының көшесінің атауын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 24 қыркүйектегі Ақмол ауылының тұрғындар жиналыстарының № 2 хаттамасын есепке ала отырып, Ақмол ауыл округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақмол ауылының Космонавтов көшесінің атауы Шайкен Исенов атындағы көшесіне өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Целиноград ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы: Ш.Өтегенова
«Целиноград ауданының
сәулет және қалақұрылыс
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы: А.Сағымбаев