Об утверждении Инструкции о порядке таможенного оформления товаров в таможенном режиме уничтожения Күшін жойған
Басқа 0
Тауарларды жою кеден режимінде кедендік ресімдеу тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Тауарларды жою кеден режимiнде кедендiк ресiмдеу тәртiбi туралы Нұсқаулық (N 1 қосымша).
Тармақша 2
2) Жою туралы актiнiң нысаны (N 2 қосымша).
Тармақ 2
2. "Жою кеден режимi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 148-П V950130_ бұйрығы күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Құқықтық қамсыздандыру басқармасы (Г. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Кеден режимдерi мен кедендiк ресiмдеудi бақылауды ұйымдастыру Бас басқармасы (М. Байбұлов) осы бұйрықтың жүзеге асуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Баспасөз қызметi (Г. Исахан) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Б. Жұмабаевқа жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енеді.
Басқа 10. Жою кеден режимiнде тауарларды
ресiмдеу тәртiбi туралы
Нұсқаулық
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің
1999 жылғы 2 желтоқсан N 596-Б
бұйрығымен бекітілді
Жою кеден режимiнде тауарларды
ресiмдеу тәртiбi туралы
Нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 100-бабына сәйкес тауарларды жою кеден режимi оларды пайдалануға жарамсыз жағдайға келтiрудi қоса кеден бақылауында, кеден баждарын алусыз және бейтарифтiк реттеу шараларын қолданусыз тауарларды жоюға арналған.
Тармақ 2
2. Тауарларды жоюға мұндай жоюдың мүмкiндiгi туралы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жөнiндегi Агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдары беретiн қорытынды болған кезде жол берiледi.
Тармақ 3
3. Тауарларды жою мүдделi адаммен өз есебiнен жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының кеден органдарына қандай да болсын шығындар келтiрмеуге тиiс.
Тармақ 4
4. Жою кеден режимi өтiнiшiнiң заңдылығы үшiн, сондай-ақ осы режим шарттарының сақталуы үшiн кеден органдарының алдындағы жауапкершiлiк мағлұмдаушыға жүктеледi.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Жою кеден режимiн қолданудың шарттары
2. Жою кеден режимiн қолданудың шарттары
Тармақ 5
5. Жою кеден режимiне Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы нақты тасымалданған, әкелiнетiн шетел тауарлары орналастырылады.
Тармақ 6
6. Жою кеден режимiне:
Тармақша 1
1) бұйымдар мен материалдар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн тауарлар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес жекелеген тауарлардан басқа;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттерi халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игiлiгiнiң заттары;
Тармақша 3
3) жоғалу қаупiндегi жануарлардың және өсiмдiктердiң түрлерi, олардың бөлшектерi мен дериваттары, эпидемия мен эпизотиялардың жолын кесу мақсатында кешiктiрмей жою талап етiлетiн жағдайлардан басқа;
Тармақша 4
4) кеден органдарымен кепiлдеме заттары ретiнде қабылданған тауарлар мен көлiк құралдары - кепiлдеме қатынастары тоқтағанға дейiн;
Тармақша 5
5) қылмыстар мен кеден ережелерiнiң бұзушылықтары туралы iстер бойынша айырылған тауарлар мен көлiк құралдары;
Тармақша 6
6) тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдары;
Тармақша 7
7) сотпен тәркiлеу туралы шешiм қабылданған тауарлар мен көлiк құралдары орналастырылмайды.
Тармақ 7
7. Кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын жою кеден режимiне орналастыруға:
Тармақша 1
1) егер тауарлар мен көлiк құралдарын жою қоршаған табиғи ортаға айтулы зиян келтiретiн болса;
Тармақша 2
2) егер тауарлар мен көлiк құралдарын жою Қазақстан Республикасының кеден органдары үшiн шығындар келтiрсе немесе келтiруi мүмкiн болса;
Тармақша 3
3) егер кеден органында тауарлар мен көлiк құралдарын нақты жоюды бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгi болмаса рұқсат бермейдi.
Тармақ 8
8. Жою:
Тармақша 1
1) нәтижесiнде тауарлар мен көлiк құралдары толығымен жойылатын жылу, химиялық, механикалық немесе өзге жолдармен (өртеу, қирату, көму және т.б.);
Тармақша 2
2) тесiктер жасау, жарықшақтау, мұндай зақым келтiрулер тауарлар мен көлiк құралдарын қайта қалпына келтiру және оны бастапқы түрiнде пайдалану мүмкiндiгiн болдырмайтын жағдайлар кезiнде өзге тәсiлдермен зақым келтiрудi қоса, демонтаж, бөлшектеу, механикалық бұзу жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Тауарлар мен көлiк құралдарын жою "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтаумен жүргiзiледi.
Тармақ 10
10. Заңның 102-бабына сәйкес тауарларды жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтар оларды одан әрi пайдалану мүмкiндiгi болған жағдайда, жою режимiн мәлiмдеген тұлға арқылы олар кеден бақылауындағы шетел тауарлары ретiнде тиiстi кеден режимiнде немесе кеден iсi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген жағдайларда отандық тауарлар ретiнде орналастырылуға тиiс.
Тармақ 11
11. Кеден органы қалдықтарды кедендiк ресiмдеу орнын анықтайды.
Кеден органы қалдықтарды уақытша сақтау орындарына орналастыруға жататындығын анықтайды.
Тармақ 12
12. Қалдықтар болып табылатын тауарларды шығару немесе таңдап алынған кеден режимiне сәйкес тұлғаның өкiмiне беру Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Жою кеден режимiне орналастырылатын
тауарларды кедендiк ресiмдеу
3. Жою кеден режимiне орналастырылатын
тауарларды кедендiк ресiмдеу
Тармақ 13
13. Жою кеден режимiне орналастырылатын тауарлар көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi қызмет аймағында осындай тауарлар мен көлiк құралдары орналасқан кеден органы жүргiзедi.
Тармақ 14
14. Жою кеден режимiне орналастырылған тауарлар кедендiк жүк мағлұмдамасын толтыру тәртiбi туралы Нұсқаулыққа сәйкес толтырылған кедендiк жүк мағлұмдамасын кеден органына тапсыру жолымен белгiленген тәртiпте мағлұмдалады.
Тармақ 15
15. Кеден мағлұмдамасымен бiр уақытта кеден органына жүк және тауарға iлеспе құжаттары (жөнелтпе құжаттар, коносаменттер, шот-фактуралар және т.б.), сондай-ақ кедендiк ресiмдеу өндiрiсi мен кеден бақылауын жүргiзу үшiн қажеттi өзге құжаттар тапсырылады.
Тармақ 16
16. Тауарларды тасымалдаушы тұлға немесе тасымалдаушы көлiк құралдары қатысында кеден органына жою актiн осы кеден органының белгiлеген мерзiмдерiнде тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 17
17. Тауарлар мен көлiк құралдарын жою кеден бақылауында жүргiзiледi.
Тармақ 18
18. Тауарлар мен көлiк құралдарын нақты жою туралы N 2 Қосымшада келтiрiлген нысан бойынша акт жасалады. Аталған актiге тауарды тасымалдаушы тұлғаның уәкiлеттi өкiлi немесе тасымалдаушы, тауарлар мен көлiк құралдарын нақты жою кезiнде қатысқан өзге тұлғалар қол қояды.
Басқа 48
Жою кеден режимiнде
кедендiк ресiмдеу тәртiбi
туралы Нұсқаулыққа
N 2 қосымша
________________________________________________________________
(кеден органының атауы)
Тауарларды жою туралы
Акт
Осы акт 199__ж. "____"___________________________жасалды,
төменде аталған тұлғалардың қатысуымен жою жүргiзiлдi
________________________________________________________________
(тауарлар мен көлiк құралдарының атауы, жеке белгiлерi,
________________________________________________________________
саны (мөлшерi, салмағы және т.б.), сондай-ақ оларды жою
тәсiлдерi мен орны.
Жою нәтижесiнде алынғандар:_____________________________________
(қалдықтардың атауы, жеке белгiлерi,
________________________________________________________________
саны (мөлшерi, салмағы және т.б.)
Жою кезiнде қатысқандар:
________________________________________________________________
(жою кезiнде қатысқан тұлғалардың қызметi, жұмыс орны, аты-жөнi)
________________________________________________________________
қолы
________________________________________________________________
(тауарлар мен көлiк құралдарын жою кеден режимiне орналастырған
тұлғаның уәкiлеттi өкiлiнiң қызметi және аты-жөнi) қолы
________________________________________________________________
(кеден органы лауазымды тұлғасының қызметi мен аты-жөнi қолы)
М.О.