Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын" бекіту туралы
- Акт түрі
- Нұсқаулық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21/6-IV
- Қабылданған күні
- 23.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2012 AI48560_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VS000107
- ЭКБ идентификаторы
- 48560
- Редакция идентификаторы
- AI48560_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:11
0 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын" бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабы 5-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы» бекітілсін.
2 2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҒЫ
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2009 жылғы 23 қазандағы
№ 21/6–ІV шешімімен
бекітілген
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға
әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы нұсқаулық ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек төлемін реттейді.
2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы нұсқаулықты қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
3 3. Отын сатып алуға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) ауылдық жерлерде тұрып, жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - әлеуметтік саладағы мамандарға) көрсетіледі.
Мемлекеттік білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек жыл сайын біржолғы ақшалай төлем түрінде 7700 теңге мөлшерінде көрсетіледі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде төленеді.