Қошқарата ауылдық округі Бесауыл ауылындағы көшеге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қошқарата ауылдық округі Бесауыл ауылындағы көшеге атау беру туралы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Бесауыл ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қошқарата ауылдық округі Бесауыл ауылындағы көшеге "Селтан ата" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Оразбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.