О создании государственного учреждения "Налоговое управление по Алатаускому району Налогового департамента по городу Алматы Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде мемлекеттік мекеме - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы" құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 215-1 тармақпен толықтырылсын:
"215-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы.".
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.