О присвоении наименований улицам аула Караозек, аула Байсуат, села Купчановка, села Еруслановка Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қараөзек ауылының, Байсуат ауылының, Купчановка селосының, Еруслановка селосының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Қараөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қараөзек ауылының, Байсуат ауылының, Купчановка селосының, Еруслановка селосының көшелеріне атаулар берілсін. Қараөзек ауылында: № 1 көшеге – Балуан Шолақ атындағы атау; № 2 көшеге – Мәлік Ғабдуллин атындағы атау; № 3 көшеге – Шоқан Уәлиханов атындағы атау; № 4 көшеге - Сәкен Сейфуллин атындағы атау. Байсуат ауылында: № 1 көшеге – Абай Құнанбаев атындағы атау; № 2 көшеге – Орталық атауы; № 3 көшеге - Абылай-хан атындағы атау. Купчановка селосында: № 1 көшеге - Иван Скуридин атындағы атау; № 2 көшеге - Мектеп атауы. Еруслановка селосында: № 1 көшеге - Бейбітшілік атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Бұланды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.К. Әбділдина Бұланды ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Е. Аймағамбетова