О внесении изменений в административно-территориальное устройство Глубоковского, Жарминского, Катон-Карагайского, Курчумского, Зыряновского районов Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое, Жарма, Катонқарағай, Күршім, Зырян аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, Глубокое ауданы мәслихатының 2007 жылғы 23 қазандағы № 2/5–IV және әкімдігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 473 бірлескен шешімі мен қаулысының, Жарма ауданы мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 5/8-IV және әкімдігінің 2008 жылғы 31 наурыздағы № 98 бірлескен шешімі мен қаулысының, мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4/4-IV және әкімдігінің 2008 жылғы 04 ақпандағы № 41 бірлескен шешімі мен қаулысының, Катонқарағай ауданы мәслихатының 2007 жылғы 22 желтоқсандағы № 3/36-IV және әкімдігінің 2007 жылғы 20 желтоқсандағы № 3087 бірлескен шешімі мен қаулысының, Күршім ауданы мәслихатының 2008 жылғы 14 мамырдағы № 6-2 және әкімдігінің 2008 жылғы 04 мамырдағы № 717 бірлескен шешімі мен қаулысының, Зырян ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 21/11-IV және әкімдігінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 146 бірлескен шешімі мен қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое, Жарма, Катонқарағай, Күршім, Зырян аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) мынадай елдi мекендер өзге қоныстар категориясына жатқызылсын және есептi деректерден шығарылсын: Глубокое ауданының Малоубинка ауылдық округінің Маховка ауылы, Черемшанка ауылдық округінің Орловка ауылы және Киров ауылдық округінің Краснопартизан ауылы; Жарма ауданының Шар қаласының 7 және Қызыл Шар разъездері, Қапанбұлақ ауылдық округінің 14 және 12 разъездері, Жаңғызтөбе кентінің 9 разъезі және Жарма кентінің 16 разъезі; Зырян ауданының Малеевка ауылдық округінің Ново-Калиновск ауылы;
Тармақша 2
2) енгізілсін: Глубокое ауданының Маховка қонысы Малоубинка ауылдық округінің Малоубинка ауылының құрамына, Орловка қонысы Черемшанка ауылдық округінің Черемшанка ауылының құрамына, Краснопартизан қонысы Киров ауылдық округінің Прапорщиково ауылының құрамына; Жарма ауданының 7 және Қызыл Шар қоныстары Шар қаласының құрамына, 14 және 12 қоныстары Қапанбұлақ ауылдық округінің Қапанбұлақ ауылының құрамына, 9 қонысы Жаңғызтөбе кентінің құрамына және 16 қонысы Жарма кентінің құрамына; Зырян ауданының Ново-Калиновск қонысы Малеевка ауылдық округінің Малеевка ауылының құрамына;
Тармақша 3
3) мынадай әкімшілік–аумақтық бірліктер қайта аталсын: Катонқарағай ауданы бойынша: Большенарым ауылдық округінің Большенарымское ауылы Үлкен Нарын ауылына; Большенарым ауылдық округі Үлкен Нарын ауылдық округіне; Белое ауылдық округіндегі Белое ауылы Ақсу ауылына, Язовая ауылы Жазаба ауылына, Фыкалка ауылы Бекалқа ауылына, Чаловка ауылы Талды ауылына, Верх-Катунь ауылы Ақшарбақ ауылына; Белое ауылдық округі Ақсу ауылдық округіне; Чернова ауылдық округінің Черновая ауылы Аққайнар ауылына; Чернова ауылдық округі Аққайнар ауылдық округіне; Жарма ауданы бойынша: Георгиевка ауылдық округі Қалбатау ауылдық округіне; Күршім ауданы бойынша: Құйған ауылдық округінің Славянка ауылы Қайыңды ауылына; Сарыөлең ауылдық округіндегі Дарственное ауылы Барақ батыр ауылына, Вознесеновка ауылы Бірлік ауылына.
Тармақ 2
2. Осы шешім мен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.