Көшелерге жаңа атаулар беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерге жаңа атаулар беру туралы "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Жиделі ауылдық округі елді мекендерінің көшелері тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Жиделі ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жиделі ауылдық округі ауылдарындағы көшелерге төмендегіше жаңа атаулар берілсін: Жиделі ауылы бойынша Есжанов көшесіне - Сырдария атауы берілсін. Жиделі ауылындағы атаулары жоқ көшелерге - Абай, Орталық Қажымұқан, Амангелді, Т.Рысқұлов, Нартай, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин, Қараой атаулары берілсін. Аққала ауылы бойынша атаулары жоқ көшелерге - Ж.Тәшенов, Т.Тәжібаев, Р.Сарсенов, Абай, Ақсарлы, Д.Қонаев, Мелдеби, У.Қойлиев, М.Әуезов, Ш.Айтматов атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Жиделі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - іс жүргізушісі Ә.Ділдабекке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.