Арыс қаласындағы шағын аудандарға ат қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Арыс қаласындағы шағын аудандарға ат қою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес шағын аудан тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТI және Арыс қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТI:
Тармақ 1
1. ПМС шағын ауданына Алатау батыр аты, Мехколона шағын ауданына Қалау Датқа аты берiлсiн.
Тармақ 2
2. Атауы жоқ шағын аудандарға Тараз, Самал, Көктем, Оңтүстiк, Отырар, Талдықұдық, Наурыз атаулары берiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы бiрлескен шешiм мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.