Көшелерге ат қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Көшелерге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес көше тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТI және Арыс қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Арыс қаласындағы:
Жаңа көшелерге - Ақалтын, Думан, Астана, Жеңiс, Айбын, Парасат, Абат, Егемендiк, Табыс, Өркениет, Байтерек, Береке, Бастау, Нұрсат, Ақниет, Ақжол, Жұлдыз, Көксарай, Нұрлы, Асар, Ақшуақ, Өркендеу, Кемел, Ырысты атаулары берiлсiн.
Тармақ 2
2. Атауы жоқ көшелерге Ақиқат, Қайнар, Ақжар, Кеңес Одағының батыры Ережепбай Молдабаев, алғашқы қаламгер Махуба Хайруллина, Екпiндi, Тұран, Игiлiк, Жаңа ауыл, Ақжусан, Аламан, Саяжол атаулары берiлсiн.
Атауы жоқ қысқа көшелерге Қазына, Шаңырақ атаулары берiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы бiрлескен шешiм мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.