Көшелерге жаңа атаулар беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Көшелерге жаңа атаулар беру туралы
«Қазақстан Республикасы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Байырқұм ауылдық округі елді мекендерінің көшелері тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, Байырқұм ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Байырқұм ауылдық округі ауылдарындағы көшелерге төмендегіше жаңа атаулар берілсін.
Байырқұм ауылы бойынша:
Сансызбай көшесіне – С.Адамбеков, Ә.Назарбеков көшесіне – Желтоқсан, С.Көкежанов көшесіне – Төле би атаулары берілсін.
Байырқұм ауылындағы атаулары жоқ көшелерге – Кенжебай баба, Т.Тәжібаев, Сары-арық, Қазыбек би, Әйтеке би, Б.Малин, Ы.Алтынсарин, С.Сейфулин, М.Дулати, Б.Момышұлы, М.Жұмабаев, Абылайхан, А.Байтұрсынов, Сырдария, Сүлім-арық, Абай, Астана атаулары берілсін.
Көкжиде ауылындағы атауы жоқ көшеге – М.Мәметова, № 1 көшеге – Алматы, № 2 көшеге – Алпамыс батыр, № 3 көшеге – Көктоғай атаулары берілсін.
Жосалы ауылындағы № 1 көшеге – Тартоғай атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын қадағалау Байырқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Таженовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.