Қолданыстағы ред. 21.10.2009

Переметный ауылдық округіндегі жаңа көшеге атауын беру туралы от 21.10.2009 г. № 63 (Переметный ауылдық округіндегі жаңа көшеге атауын беру туралы)

0

Переметный ауылдық округіндегі жаңа көшеге атауын беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Калинин ауылы тұрғындарының сұрауы бойынша 2009 жылғы 21 қазандағы N 166 аудандық онамастикалық комиссия отырысының ұйғарымы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Переметный ауылдық округіндегі жаңадан салынған көшеге "Бостандық" атауы берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуы Переметный ауылдық округі әкімі аппаратына жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.