Текелі қаласының көшелеріне атаулар беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Текелі қаласының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, қалалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, бірлесе отырып Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Текелі қаласының "Достық" шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдерінің көшелеріне мынадай атаулар берілсін: N 1 көшесіне – Жастар, N 2 көшесіне – Наурыз, N 3 көшесіне – Самал.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Сибиряковаға және қала әкімінің орынбасары Г. Маупашеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Текелі қалалық мәслихатының IV шақырылымындағы кезекті ХV сессиясының төрайымы Л. Бирюкова