Қолданыстағы ред. 30.10.2009

Шарабұлақ ауылы округінің Ащыбұлақ елді мекенінің шекарасына өзгеріс енгізу туралы от 30.10.2009 г. № 24/187-IV (Шарабұлақ ауылы округінің Ащыбұлақ елді мекенінің шекарасына өзгеріс енгізу туралы)

0

Шарабұлақ ауылы округінің Ащыбұлақ елді мекенінің шекарасына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 31 баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шарбұлақ ауылы округі әкімінің ұсынысын ескере отырып, Шарбұлақ ауылы округі, Ащыбұлақ елді мекенінің 130,0 гектар жеріне қосымша барлығы – 27,8 гектар, оның ішінде – 12,0 гектар суғармалы егістік, 14,0 гектар жайылым, 1,8 гектар өзге жерлер қосылып, жалпы аумағы – 157,8 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекеннің шекарасына өзгеріс енгізілсін.

2

2. Осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.