Қызылқия ауылы округінің Қызылқия елді мекенінің шекарасына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Қызылқия ауылы округінің Қызылқия елді мекенінің шекарасына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 31 баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылқия ауылы округі әкімі міндетін атқарушысының ұсынысын ескере отырып, Қызылқия ауылы округі, Қызылқия елді мекенінің 239,0 гектар жеріне қосымша барлығы – 15,0 гектар Қызылқия елді мекенінің жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы – 254,0 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекеннің шекарасына өзгеріс енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.