О присвоении новому микрорайону города Костаная наименования "Наурыз" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қаласының жаңа шағын ауданына "Наурыз" атауын беру туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссияның қорытындысын қарап, халықтың пікірін ескеріп, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласының Маяковский және Воинов Интернационалистов көшелері бойынша орналасқан жаңа шағын ауданына "Наурыз" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.