Об утверждении Правил использования средств резерва акима Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 27.09.2001 № 137 қаулысымен.
1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" Заңың жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатың пайдаланудың Ережелерін бекіту туралы" 1408 Каулысына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімі резервінің қаражатын пайдаланудың қосылып беріліп отырған Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері бір айлық мерзім ішінде жергілікті атқарушы органдардың резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелерін әзірлесін және бекітсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оны Қостанай облысының әділет басқармасы мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Қостанай облысы әкімі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелері
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 14 қазандағы
№ 229 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы әкімі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелері
Осы Ережелер Қостанай облысы әкімі резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Тарау 5. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде мынадай үғымдар пайдаланылады:
Тармақ 1.1
1.1. Қостанай облысы әкімінің резерві - тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы колденең шығыстарды қаржыландыру үшін Қостанай облысы әкімінің шешімі (өкімі) бойынша бөлінетін қаражат;
Тармақ 1.2
1.2. Көлденең шығыстар — ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
Тармақ 1.3
1.3. Қостанай облысы әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін Қостанай облысы әкімі резервінің құрамындағы қаражат - Қостанай облысы әкімі резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша Қостанай облысы әкімінің немесе жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат;
Тармақ 1.4
1.4. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резерв — жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген бекітілген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға арналған қайтарымды негізде төмен тұрған бюджеттерге бөлінетін Қостанай облысы әкімі резервінің құрамында көзделетін қаражат;
Тармақ 1.5
1.5. Қостанай облысы әкімі резерві қаражатын алушы — жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі немесе аудан, қала әкімі.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімінің резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынадай шаралар жатқызылады:
Тармақ 2.1
2.1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұларға мыналар кіреді:
төтенше жағдайлардың пайда болу нәтижесінде зардап шеккендерге материалдык көмек көрсету;
зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға арналған орындарды дайындау және ұстау;
шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру болімшелерін құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын камтамасыз ету.
Тармақ 2.2
2.2. Сот шешімдері бойынша Қостанай облысы әкімінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
Тармақ 2.3
2.3. Төмен тұрған бюджеттерді ағымдағы қаржы жылы ішінде несиелендіру.
Тармақ 2.4
2.4. Бір жолғы сипаттағы және бюджетте көзделмеген басқа шығыстар жатады.
Тарау 17. Қостанай облысы әкімі резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
Қостанай облысы әкімі резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімінің резервінен қаражат бөлуді Қостанай облысы әкімінің шешімі (өкімі) негізінде заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің шығыстары мен несиелендіруі құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде Қостанай облысының қаржы департаменті жузеге асырады, онда алушы, бөлінетін каражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен кайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімінің резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Ережелерді және резервтен қаржы бөлу туралы
Қостанай облысы әкімінің шешімінде (өкімінде) көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімінің резервінен қаражат бөлу туралы Қостанай облысы әкімінің шешімдерін (өкімдерін) дайындаған кезде мынадай шарттар ескеріледі:
Тармақ 5.1
5.1. облыстық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы.
Тармақ 5.2
5.2. сот шешімдері Қостанай облысы әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайын қоспағанда, Қостанай облысы әкімінің резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы.
Тармақ 6
6. Бөлінген несие толық өтелгеннен кейін күшін жоятын, Қостанай облысы әкімінің арнайы резервінен, төмен тұрған бюджеттерге несие бөлу туралы Қостанай облысы әкімінің шешімдерін (өкімдерін) қоспағанда Қостанай облысы әкімінің шешімдері (өкімдері) Қостанай облысы әкімінің тиісті шешімдерінің (өкімдерінің) негізінде жыл аяқталғанға дейін күшін жояды.
Тарау 24. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жагдайларды жоюға қаражат бөлу
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жагдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, Қостанай облысы әкімінің резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма қарайды.
Тармақ 8
8. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесін төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма айқындайды.
Тармақ 9
9. Аймақтық және ғаламдық ауқымдағы табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған кезде, төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражатты бөлу туралы шешімнің жобасын заңдармен белгіленген тәртіппен Қостанай облысы әкімінің қарауына енгізеді.
Тармақ 10
10. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органдардың резервтер қаражатының есебінен қаржыландырылуы керек.
Сот шешімдері бойынша Қостанай облысы әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу.
Тармақ 11
11. Сот шешімдері бойынша Қостанай облысы әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу, сот шешімдері бойынша атқарушы құжаттары болған жағдайда, Қостанай облысы әкімінің резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 12
12. Қостанай облысы әкімінің міндеттемелерін өтеуге Қостанай облысы әкімінің резервінен қаражат бөлу туралы Қостанай облысы әкімінің жобасын Қостанай облысының қаржы департаменті заңдарымен белгіленген тәртіппен дайындайды.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге Қостанай облысы әкімінің резервінен қаражат бөлу туралы Қостанай облысы әкімінің шешімінің жобасын жергілікті атқарушы орган заңдармен белгіленген тәртіппен дайындайды.
Тарау 32. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану
Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану
Тармақ 14
14. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резервтен каражат бөлу үшін аудандар мен қалалардың әкімдері Қостанай облысының әкіміне тиісті негіздемелерімен және есептемелерімен бірге Қостанай облысы әкімінің резервінен қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.
Тармақ 15
15. Қостанай облысының қаржы департаменті берілген өтініштің негізінде, сондай-ақ ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған Костанай облысы әкімінің шешімдері (өкімдері) мен төмен тұрған бюджеттерге бұрын берілген несиелер туралы деректерді ескере отырып, төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруте арнайы резервтен қаражат бөлу үшін міндетті шарттар болып мыналар табылады:
Тармақ 15.1
15.1. Ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте аудандар мен қалаларды несиелендіру үшін көзделген сомаларды болуы;
Тармақ 15.2
15.2. Жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілген және жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезең үшін жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен камтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың бағыты.
Тармақ 16
16. Аудан, қала әкімінің өтініші бойынша оң қорытынды болған кезде, Қостанай облысының қаржы департаментіне төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін Қостанай облысы әкімінің арнайы резервінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасын Қостанай облысы әкімінің қарауына енгізеді.
Тармақ 17
17. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін Қостанай облысы әкімінің арнайы резервінен несие берудің және қайтарудың тәртібі мен шарттарын Қостанай облысының әкімі белгілейді.
Тарау 39. Бақылау және есептілік
Бақылау және есептілік
Тармақ 18
18. Қостанай облысы әкімінің резервінен бөлінген қаражатты алушылар Қостанай облысының қаржы департаменті белгілеген тәртіппен және мерзімде олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
Тармақ 19
19. Қостанай облысының қаржы департаменті ай сайын Қостанай облысының әкіміне Қостанай облысы әкімінің резерв қаражатының пайдаланылуы және оның тиісті кезендегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
Тармақ 20
20. Қостанай облысы әкімінің резервінен бөлінетін қаражатың мақсатсыз пайдаланылуы үшін алушы Қазақстан Республикасының зандарымен көзделген тәртіппен жауап береді.
Тармақ 21
21. Қостанай облысы әкімінің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды Қостанай облысының қаржы департаменті, аудандық, қалалық қаржы басқармалары жүзеге асырады.