Жамбыл ауданының Құмшағал және Қаратөбе ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданының Құмшағал және Қаратөбе ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 2) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Құмшағал ауылдық округінің әкімшілік шекарасына «Асылдандыру-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерінен 20,0 гектар және Қаратөбе ауылдық округінің әкімшілік шекарасына «ЧПрК «Аманкелді» өндірістік кооперативінің жерінен 28,0 гектар жер қосылып Жамбыл ауданының Құмшағал және Қаратөбе ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.