Об утверждении Правил о порядке выделения областным исполнительным органам и областному маслихату средств из областного бюджета на представительские расходы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың атқарушы органдарына және жергілікті өкілетті орган өкілеттік шығыстарға арнап жергілікті бюджеттен қаражат бөлу тәртібі туралы Ережені бекіту жайында 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 24.12.2001 № 142 шешімімен. Ескерту. Тақырыпта және мәтініндегі "облыстық" және "мәслихат" деген сөздер сәйкес "жергілікті" және "өкілетті орган" деген сөздермен айырбасталды - Қостанай облысы әкімінің 15.11.2000 № 216 шешімімен. "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне республикалық бюджеттен өкілеттік шығыстар және өкілеттік шығыстардың нормаларына арнап қаражат бөлу тәртібі туралы ережені бекіту жайындағы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектеғі № 1299 қаулысына сәйкес және бюджеттік қаражатты үнемдеу тәртібін күшейту мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Облыстың атқарушы органдарына және жергілікті өкілетті орган жергілікті бюджеттен өкілеттік шығыстарға арнап қаражат бөлу тәртібі туралы қосылып беріліп отырған ереже бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Өкілеттік шығыстардың нормасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1299 қаулысымен анықталған норма деңгейінде бекітілсін (№2 қосымша).
Басқа 3. Ережелер
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 17 қарашадағы № 241 шешіміне 1 қосымша Ережелер
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер облыстың атқарушы органдарына және жергілікті өкілетті орган жергілікті бюджеттен өкілеттік шығыстарға арнап қаражат бөлу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Бұл ережелерде мынадай түсініктер пайдаланылады: Өкілеттік шығыстар-сәйкесті қаржы жылында жергілікті бюджетте қарастырылған және облыстың атқарушы органдары мен жергілікті өкілетті орган ресми делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми шараларды өткізуге бөлінген қаражат. Өкілеттік шығыстарға мынадай шығыстар жатады:
Тармақша 1
1) ресми ас берулер, кофе-брейктер,фуршеттер;
Тармақша 2
2) сазды сүйемелдеулер;
Тармақша 3
3) сувенирлер, ескерткіш сыйлықтар алу;
Тармақша 4
4) автокөліктік қызмет көрсету;
Тармақша 5
5) аудармашылардың қызметіне ақы төлеу;
Тармақша 6
6) зал жалдау;
Тармақша 7
7) Қостанай облысының өкімі рұқсат беретін басқа да шығыстар.
Тарау 2. 2. Жергілікті бюджетте өкілеттік шығыстарға арнап қарастырылған қаражатты бөлу және пайдалану тәртібі
2. Жергілікті бюджетте өкілеттік шығыстарға арнап қарастырылған қаражатты бөлу және пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджеттен өкілеттік шығыстарға арнап қаражат бөлу Қостанай облысы әкімінің шешімінің /өкімінің/ негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жергілікті бағдарламалар әкімшілерінің жергілікті бюджеттен өкілеттік шығыстарға қаражат бөлу туралы өтініштерін Қостанай облысының әкімі мыналары болған жағдайда қарайды:
Тармақша 1
1) шараны өткізудің қажеттілігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2) ресми делегацияның болу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) шараларды даярлаудың жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) қатысушылардың күтілетін саны;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі 1299 қаулысымен бекітілген нормалар шегіндегі, әрбір шығыстардың статьялары негізделген, шығыстар сметасы;
Тармақша 6
6) Шығыстар сметасы бойынша Қостанай облысы қаржы департаментінің қорытындысы.
Тармақ 5
5. Осы Ереженің 2 тармағының 2, 3, 6 тармақшаларында көрсетілген шығыстардың статьялары бойынша жергілікті бағдарламалардың әкімшілері қызмет көрсету түрін ұсынушы ұйымның калькуляциясы және реквизиттері көрсетілген растаушы құжаттарды береді.
Тарау 3. 3. Бақылау және есеп беру.
3. Бақылау және есеп беру.
Тармақ 6
6. Қостанай облысының қаржы департаменті өкілеттік шығыстарға бөлінген қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Өкілеттік шығыстарға арнап қаражат алған жергілікті бағдарламалардың әкімшілері бөлінген қаражаттың пайдаланыланылуы, Қостанай облысының қаржы департаменті белгілеген тәртіпте және мерзімде атқарылған жұмыстардың көлемі мен құны жайында есеп беруге тиіс.
Тармақ 8
8. Өкілеттік шығыстарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауап беру қаражатты алушыға жүктеледі.
Басқа 28. Өкілеттік шығыстардың нормалары
Қазакстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 17 қарашадағы № 241 шешіміне 2 қосымша Өкілеттік шығыстардың нормалары Шығыстардың атаулары Құны теңгемен 1. Ресми ас берулерді өткізу шығыстары делегациядағы бір адамға күніне есептеледі 6500-дейін 2. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар шараларын өткізу кезіндегі буфеттік қызмет көрсету, аудармашыны және жанында жүрген адамдарды қосканда, күніне есептеледі 1040-дейін 3. Делегацияны қабылдаушы мемлекеттік органның штатында жок аудармашының еңбегіне ақы төлеу /сағатына/ 700-дейін 4. Көліктік шығыстарға төлем төлеу /сағатына/ 700-дейін Ескерту:
Тармақ 1
1. Шет елдік делегацияларға автомобиль көлігімен қызмет көрсету шығыстары шығыстар сметасында сағаттық төлем төлеу есебінен қарастырылады.
Тармақ 2
2. Шет елдік делегацияларды ресми түрде қабылдауға байланысты ас берулер немесе басқа да ұқсас шаралар негізінде Қазақстан Республикасы жағынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялардың жағынан қатысушылардың санынан аспауға тиіс.
Тармақ 3
3. Делегацияның құрамы 5 адамнан асқан жағдайда, делегацияға қызмет көрсетуші жандарында жүрген кісілер мен аудармашылардың саны, делегацияның 5 мүшесіне, кем дегенде, 1 аудармашы немесе жанында жүрген кісі есебінен белгіленуге тиіс.