«Ақши ауылы мен Күрті елді мекеніндегі көшелерге жаңа атаулар беру туралы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақши ауылы мен Күрті елді мекеніндегі көшелерге жаңа атаулар беру туралы» ҚР "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" ҚР Заңының 14 бабы, 4 тармағы, Іле ауданы Әкімі жанындағы аудандық ономастика комиссиясының 03.04.2007 жылғы № 3 шешімі және 10.04.2008 жылғы № 3 шешімі негізінде округ әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Ақши ауылы бойынша жаңа көшелерге Райымбек батыр – 564 м, Қарасай батыр – 540 м, Бәйдібек батыр – 564 м, Жетісу – 624 м, Бәйтерек – 604 м, Жастар – 584 м, Наурыз – 702 м, Достық – 688 м, Бірлік – 704 м, Береке – 762 м, Бейбітшілік – 762 м , Жеңіс – 484 м атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Күрті елді мекені бойынша жаңа көшелерге Астана – 420 м, Алматы – 420 м, Тәуелсіздік – 420 м атаулары берілсін.
Тармақ 3
3. Округ әкімінің қабылдаған шешіміне сәйкес көше атауларының дұрыс жазылуы мен көше атауы жазылған (тақтайша түсінің көгілдір болуы және ішіндегі жазудың ақ түспен жазылуы) тақтайшаларының белгіленген талапқа сай (20х50) жасалуы және көше белгісін көрнекті жерге орналастыру шараларын ұйымдастыру округ әкімінің орынбасары Қ.Рахимовқа жүктелсін.