Іле ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегі) өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Іле ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегі) өзгерту туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-2 Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-12 “Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Іле аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес, төмендегі аудан елді мекендерінің шекаралары (шегі) мынадай өзгертілсін:
Казцик ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 42,21 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Казцик ауылына – 6,5 гектар және Комсомол ауылына – 35,71 гектар тәлімі егістік;
Междуреченск ауылдық округінің Междуреченск ауылы елді мекенінің шекарасына – 11,2 гектар тәлімі егістік және 2,8 гектар жайылым, барлығы 14 гектар жер аумағы енгізілсін;
Ащыбұлақ ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 80,01 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Жәпек батыр ауылына – 29,1 гектар (8,3 га суармалы егістік, 12,4 жайылым, 8,4 басқа жерлер), Көк қайнар ауылына – 20,5 гектар суармалы егістік және Түймебаев ауылына - 30,41 гектар (18,41 га суармалы егістік, 12,0 га жайылым);
Первомай кенттік округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 140,3 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Первомайка кентіне – 75,3 гектар (51,7 га суармалы егістік, 23,6 га басқа жерлер), Қоян кұс ауылына – 65,0 гектар;
Жетыген ауылдық округінің Жетіген ауылы елді мекенінің шекарасына барлығы – 221,0 гектар жайылым жер аумағы енгізілсін;
Тармақ 2
2. “Іле аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Құдайбергенов Н.К.) қосылған жер учаскелеріне белгіленген тәртіппен қала құрылыс құжаттарын дайындасын.
Тармақ 3
3. Жер учаскелері бөлінеді деп танылсын.
Тармақ 4
4. Сервитутпен ауыртпашылықтары – жер учаскелері арқылы жаяу жүріп өту, көлікпен жүріп өту және коммуникациялардың барлық түріне кіру құқығы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 5
5. “Іле аудандық жер қатыныстары бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Әшіров Қ.Б.) қолданылып жүрген есеп құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.
Тармақ 6
6. Осы бірлескен шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік - экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Карпов Д.П.) және аудан әкімінің орынбасарларына (Файль В.А., Садуақасов А.С.) тапсырылсын.
Тармақ 7. Іле ауданы Казцик ауылының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ
7. Осы бірлескен шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Іле ауданы Казцик ауылының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Комсомол ауылының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Междуреченск ауылының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Түймебаев ауылының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Жәпек батыр ауылының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Көк қайнар ауылының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Первомай, Қоян құс ауылдарының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Жетыген ауылының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ