Аудан аумағындағы Ақжар, Жоғарғы-Егінсу, Көкөзек, Көктал ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
ҚАЗАудан аумағындағы Ақжар, Жоғарғы-Егінсу, Көкөзек, Көктал ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан аумағындағы Ақжар, Жоғарғы-Егінсу, Көкөзек, Көктал ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудан аумағындағы Ақжар, Жоғарғы-Егінсу, Көкөзек, Көктал ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 572
- Қабылданған күні
- 03.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2010 · қолданыстағы 48743_215969.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VR000086
- ЭКБ идентификаторы
- 48743
- Редакция идентификаторы
- 48743_215969
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:06
0 Аудан аумағындағы Ақжар, Жоғарғы-Егінсу, Көкөзек, Көктал ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасын басшылыққа алып Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақжар, Жоғарғы-Егінсу, Көкөзек, Көктал ауылдық округтерінде ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез індетіне қарсы шектеу қойылып, қолданыстағы заңға сәйкес шектеу шаралары өткізілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігі Агроөнеркәсіптік Кешендегі Мемлекеттік Инспекция Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (С.К. Садуақасов – келісім бойынша) шектеу іс шараларының ұйымдастырылуына және атқарылу барысына қадағалау жүргізуі ұсынылсын.
3 3. Ақжар, Жоғарғы-Егінсу, Көкөзек, Көктал ауылдық округтерінің тұрғындарын медициналық байқаудан өткізу үшін аудандық денсаулық сақтау бірлестігінен (Б.А. Мадрахимов – келісім бойынша) қолғабыс көрсету ұсынылсын.
4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы (Б.Н. Нигматуллин – келісім бойынша) адамдар арасында бруцеллез ауруын дер кезінде анықтап, олардың аурудан емделуін қадағалау ұсынылсын.