Об утверждении Инструкции по разработке, согласованию, утверждению и выдаче проектов (планов) земельно-хозяйственного устройства территории сельских населенных пунктов Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14, 149 және 150-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры департаменті осы Бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары К.Ө. Райымбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы Бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 16 қазандағы N 185-П бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14, 149 және 150-баптарына сәйкес әзірленді және ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеуді, келісуді, бекітуді және беруді (бұдан әрі - жоба) нақтылайды.
Тармақ 2
2. Нұсқаулықтың мақсаты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүргізілетін жобаларды әзірлеуді бірыңғай тұрғыда қамтамасыз ету.
Тарау 2. 2. Жобаны әзірлеу
2. Жобаны әзірлеу
Тармақ 3
3. Жобаларды әзірлеуді ұйымдастыруды ауылдық елді мекен орналасқан жер бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жобаларды әзірлеуді жерге орналастыру жұмыстарын орындайтын азаматтар және заңды тұлғалар (бұдан әрі - жобаны әзірлеуші) жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жобаны әзірлеу келесі жүйелілікте жүргізіледі:
Тармақша 1
1) дайындық (камералдық және далалық) жұмыстары;
Тармақша 2
2) жобаны құру.
Тармақ 6
6. Камералдық дайындық жұмыстары:
Тармақша 1
1) жер-кадастрлық деректерді, аумақты орналастыру жөніндегі ұсыныстарды, елді мекендердің шегін белгілеу, Қазақстан Республикасының Ауыл аумақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасының материалдарын, елді мекен аумағын сипаттайтын басқа да деректерді зерделеу және жинау кіреді;
Тармақша 2
2) құрылыстар салынған аумаққа масштабы 1:2000 және 1:5000 қажетті жоспарлы-картографиялық негіздерді таңдап алу. Елді мекеннің құрылыс салынбаған бөлігіне масштабы 1:10000, 1:25000 негізді пайдалануға болады.
Тармақ 7
7. Далалық дайындық жұмыстар барысында елді мекен құрылысының (селитебті аумағы) аумақ мөлшерлері, оның көлемінің ұлғаю мүмкіндігі және қажеттілігі; ұжымдық бағбандық және бақша шаруашылығы, жеке малды жаю, шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін берілген жер учаскелерінің алаңдары және орналасуы; ауыл шаруашылық алқаптарының сапалық жағдайының (жағымсыз қасиеті жоқ, тұзданған, эрозияға ұшыраған, бүлінген, ластанған, батпақтанған жерлер) сипаттамалары; пайдаланылмайтын аумақтардың болуы (бос жатқан жерлер, қираған орындар, резервтік аумақтар және басқа жерлер); елді мекендер аумағын орналастыруды жетілдіру; құрылыс салуға, қара және түсті металдарды, ағаш өңдеу және басқа да материалдарды жинау, сақтау және өңдеу (сорттау, пакеттеу, кесу және басқа) қоймалар (пункттер) орналастыру үшін, ауыл шаруашылық және басқа да мақсаттар үшін жерді резервте; ұстау ауыл шаруашылық алқаптарын жақсарту, жерді қорғау жөніндегі ұсыныстар анықталады.
Тармақ 8
8. Далалық дайындық жұмыстардың қорытындысы бойынша жоспарлы-картографиялық материалдары (сызбалар) қосылған ауылдық елді мекендердің далалық зерттеу актісі, осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Тармақ 9
9. Ауылдық елді мекендердің далалық зерттеу актісінде не сызбада елді мекен жерінің жалпы ауданы, нақты пайдаланылуы, резервте ұстау үшін белгіленетін аумақтар, сондай-ақ жерді жақсарту және қорғау жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Жобаның құрамында келесі жұмыстар:
Тармақша 1
1) елді мекеннің шекараларын (шегін) анықтау;
Тармақша 2
2) нысанды мақсаты және пайдалану режимі бойынша аумақты аймаққа бөлуді жүргізу;
Тармақша 3
3) аумақтарды орналастыру іс-шараларды әзірлеу: тұрғын, қоғамдық-іскерлік, өндірістік және ортақ пайдаланудағы жерлерді; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді; көлік, байланыс, инженерлік коммуникацияларды; су айдындары және су күзет белдеулері мен қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа су шаруашылығы құрылыстарымен қамтылған; ауыл шаруашылықта пайдаланылатын, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін; крематорийлер, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және өзге де объектілерді орналастыру үшін бөлінетін арнайы мақсаттағы баска да жерлерді;
Тармақша 4
4) ауылдық елді мекеннің аумақтық дамуы үшін резервте ұстауға белгіленетін жер учаскелерін анықтау жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Ауылдық елді мекендердің аумағын орналастыру санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, қала құрылысының нормалары мен ережелерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды ескере отырып жүзеге асырылады. Жобаға барлық атқарылған жұмыстар бойынша толық түсіндірме жазба қоса беріледі.
Тарау 3. 3. Жобаны келісу, бекіту және беру
3. Жобаны келісу, бекіту және беру
Тармақ 12
12. Әзірленген жоба он жұмыс күні мерзіміне дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі, сәулет және қала құрылысы тиісті органдары, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімдерімен келісіледі.
Тармақ 13
13. Келісілген жоба жеті жұмыс күні мерзімінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге енгізіледі.
Тармақ 14. Далалық зерттеу актісі
14. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекітілген жобаның көшірмесін жобаны әзірлеушіге, ауылдық (селолық) округ әкіміне, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы органына жібереді. Бір данасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органында қалады. Бекітілген жобаның түпнұсқасы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына беріледі. Ауылдық елді мекендер аумағын жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулығына қосымша Нысан Далалық зерттеу актісі 20__ жылғы "__" _______________________________________ облысы ________________________________________ ауданының __________ селолық (ауылдық) округі ____________________________________________ ауылдық елді мекені       Жобаны әзірлеушімен __________________________________________                                       (ұйымның атауы) жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеу мақсатында ____________ ____________________________________________________________________ елді мекен аумағына далалық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде анықталды: Ел­ді ме­кен­де­гі жер ал­қап­та­ры­ның ата­уы Ала­ңы гек­тар­мен 1 2 1) Жер­дің жал­пы ауда­ны, оның ішін­де: егі­стік көп жыл­дық ек­пе­лер ты­ңай­ған жер­лер ша­бын­дық­тар жай­ы­лым­дар бақ­ша­лар бар­лық ауыл ша­ру­а­шы­лық ал­қап­та­ры ор­ман алаң­да­ры аға­шты-бұ­та­лы ек­пе­лер бат­пақ­тар су асты ка­нал­дар, кол­лек­тор­лар алаң­дар, жол­дар, кө­ше­лер астын­да­ғы парк­тер­дің, сквер­лер, буль­вар­лар астын­да­ғы құ­ры­лы­стар асты бү­лін­ген жер­лер бас­қа да жер­лер 2) Ел­ді ме­кен жер­ле­рі­нің нақ­ты пай­да­ла­ны­луы: тұр­ғын құ­ры­лы­сы қо­ғам­дық-іс­кер­лік құ­ры­лыс ор­тақ пай­да­ла­ну­да­ғы ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар су кү­зет бел­де­уле­рі су қор­ғау аумақ­та­ры ауыл ша­ру­а­шы­лық­та пай­да­ла­ну­да­ғы 3) Ел­ді ме­кен­нің аумақ­тық да­муы үшін ре­зерв­те ұста­у­ға бел­гі­ле­не­тін аумақ­тар: Елді мекен жерлерін қорғау мен пайдалануын жақсарту бойынша алдын ала ұсыныстар: _______________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Ұйымның басшысы-жобаны әзірлеуші: ___________________________________   ______________________________ (Аты-жөні, лауазымы ұйымның атауы)     Қолы мен ұйымның мөрінің орны