О введении в действие Закона Республики Казахстан "О труде в Республике Казахстан" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 2
2. 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) 1972 жылғы 21 шілдедегі Қазақ ССР Заңымен бекітілген Қазақ ССР-нің Еңбек туралы заңдар кодексі (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1972 жылғы 31 (917)-нөмірге қосымша; 1973 ж., N 51; 1974 ж., N 37; 1977 ж., N 11; 1980 ж., N 12; N 24; N 45, 141-құжат; 1982 ж., N 2, 25-құжат; 1983 ж., N 46, 500-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1985 ж., N 45, 457-құжат; 1986 ж., N 25, 242-құжат; N 28, 275-құжат; N 49, 507-құжат; 1987 ж., N 18, 227-құжат; N 43, 518-құжат; 1988 ж., N 16, 160-құжат; N 27, 277-құжат; 1989 ж., N 49, 445-құжат; 1990 ж., N 43, 404-құжат; N 44, 410-құжат; N 50, 467-құжат; 1991 ж., N 26, 348-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советінің Жаршысы, 1992 ж., N 6, 112-құжат; N 13-14, 316-құжат; 1993 ж., N 3, 41, 56-құжаттар; 1994 ж., N 9-10, 147-құжат; 1995 ж., N 21, 126-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 66-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 235-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақ ССР-нің Еңбек туралы заңдар кодексін бекіту туралы" 1972 жылғы 21 шілдедегі Қазақ ССР Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1972 ж., N 31, 31(917)-нөмірге қосымша).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарын "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіргенге дейін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген еңбек заңы актілері "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмесе қолданыла береді.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңы оны қолданысқа енгізгеннен кейін туындайтын еңбек құқығы қатынастарына қолданылады.