О составе координационном совете по борьбе с туберкулезом Қолданыста
Басқа 0
Туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық үйлестіру кеңес туралы
Қазақстан Республикасының үкіметінің 4 қыркүйек 1998 жылғы № 839 «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудын шұғыл шаралары туралы» қаулысын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық үйлестіру кеңес құрамы және кеңес туралы ереже 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау қаласының, аудандардың әкімдеріне туберкулезбен күрес жөніндегі қалалық және аудандық кеңестерді құрып, жеке құрамын бекіте отырып, жұмысын ұйымдастыратын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 26 мамыр 1997 ж. № 432 «Туберкулезбен және аса қауіпті инфекциялармен күресу жөніндегі үйлестіру кеңестің құрамына өзгеріс кіргізу туралы» шешімі күшін жойды деп есептелсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің шешіміне
№ 717 19 қазан 1998 ж.
1 қосымша
Туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің құрамы
Нуршаев Е.Н.
- облыс әкімінің орынбасары, төраға
Танкиев А.К.
- облыс әкімінің орынбасары, облыстық қаржы басқармасының бастығы, төрағанын орынбасары
Нурбердиев А.М.
- облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, төрағанын орынбасары
Абилов С.Т.
-облыстық СЭС аса қауіпті жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, хатшы.
Алпатанов С.С.
- облыстық экономика басқармасының бастығы
Берішбаев Т.С.
- облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы
Жумагалиев А.Т.
- облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері
Ибишев Г.И.
- облыстық малдәрігерлігі комитетінің төрағасы
Карин Ж.М
- облыстық туберкулезбен қарсы күресу диспансерінің бас дәрігері
Кужиев Б.С.
- облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Мурзабаев К.Ж.
- облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Салыков К.С.
- облыстық әділет басқармасының бастығы
Басқа 5
Облыстық әкімінің шешіміне
№ 717 19 қазан 1998 ж.
2 қосымша
Туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесі туралы ереже
Тармақ 1
1. Кеңес облыс әкімінің жанындағы консультативтік – кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудандардың әкімдерінің және Атырау қала әкімінің жанында аудандық қалалық кеңестер құрылады.
Тармақ 3
3. Кеңестің құрамына денсаулық сақтау басқармасының, әділет басқармасының, экономикалық басқармасының, қаржы басқармасының, ішкі істер басқармасының, малдәрігерлік комитетінің, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының, облыстық телерадиокомпанияның, облыстық санапидстанцияның, облыстық туберкулезбен қарсы күресу диспансердің өкілдері енеді.
Тармақ 4
4. Туберкулезбен күрес жөніндегі кеңес:
Туберкулезбен күресті ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстық, қаланың, аудандардың атқарушы органдарынын, министрліктер мен ведомстволардың қызметін үйлестіруге қатысады; денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, малдәрігерлігі, ішкі істер мекемелері және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының жергілікті жерлердегі туберкулезбен күрестің, жай-күйі туралы ақпараттарын, өткізілген шараларды алдын ала тексере отырып тыңдайды; облыс, қала, аудандардың әкімдерінің қарауына туберкулезбен күресті жетілдіру жөніндегі негізделген ұсыныстар енгізді.
Тармақ 5
5. Кеңес отырыстары тоқсан сайын өткізілер тұрады, жұмыс жоспары кеңес отырысында бекітіледі.
Тармақ 6
6. Кеңес жұмысын ұйымдық қамтамасыз етуді денсаулық сақтау басқармасы, облыстық санэпидстанцияжүзеге асырады.